Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Көлеңкенің пайда болуын түсіндіру және мысал келтіру

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Сабақтың басында оқушылармен бірге жарық, көлеңке және лупа ұғымдарын талқылаңыз.

Жоба соңында оқушыларға «Проектор қалай жұмыс істеді?», «Қандай жаңалық аштың?» деген сұрақтар қойып талқылаңыз.

Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.

Қайшымен, ыстық желіммен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Жарық — түзу сызық бойымен қозғалатын энергия түрі. Ол әр түрлі беттерге түскенде шағылады, сіңеді немесе өтеді. Жарық бір нәрсеге тосқауыл болса, оның артында көлеңке пайда болады. Бұл құбылысты күнделікті өмірде байқауға болады. Мысалы, күн астында тұрған ағаштың көлеңкесі.

Лупа — бұл дөңес линза. Ол арқылы өткен жарық сәулелері бір нүктеге жиналып, кескінді үлкейтіп көрсетеді. Егер жарық көзіне экран жақын болса — кескін бұлдырайды, ал оңтайлы қашықтықта — анық әрі үлкен болып көрінеді.

Смартфон экраны жарық көзі ретінде қызмет етеді. Лупа арқылы экрандағы бейне үлкейтіліп, қарама-қарсы қабырғада көрінеді. Бірақ линза кескінді кері және төңкеріп көрсететін болғандықтан, экранды алдын ала төңкеріп қою қажет.

Тәжірибелік бөлім

Қадам 1. Үш картон парақтан қорап жасаңыз. Бір парақты түбі ретінде қолданыңыз, ал қалған екеуін жартысына бөліп, төрт қабырға ретінде қолданыңыз. Ыстық желімді пайдалана отырып қабырғаларды жалғап суреттегідей қорап жасаңыз.

Қадам 2. Қораптың бір жақ қабырғасына лупаны қойып, айналдыра шеңбер сызыңыз. Лупа қораптың ортасына дәл келетіндей орналастырыңыз. 

Қадам 3. Шеңберді қиып алып тастаңыз. 

Қадам 4. Қара қағазбен қораптың ішін қаптап желімдеңіз. Қара түс сыртқы жарықты жұтады, сол арқылы экраннан шыққан жарықтың шашырауын азайтады. Бұл кескінді айқынырақ көруге көмектеседі.

Қадам 5. Лупаны қорапқа жасаған ойыққа желімдеңіз.

Қадам 6. 20*10 өлшемдегі картонды қораптың ішіне тіреуіш етіп қойыңыз. Тіреуішті қораптың ішіне лупадан алысырақ орнатыңыз.

Қадам 7. Қара қатты қағазды қораптың бетіне жабыңыз.

Дайын! 

Қораптың ішіне смартфонды экран жағын лупаға қаратып, төңкеріп қойыңыз. Экранның жарықтығы жоғары болуы қажет. Смартфон мен тіреуішті жылжыта отырып, фокусты дұрыстаңыз. Видео немесе суретті алдын ала төңкеріп қойыңыз, себебі линза кескінді айналдырып көрсетеді.

  

Қорытынды

Жобаны жүзеге асыру барысында оқушылар физикалық құбылыстарды – жарық бағыты, көлеңке түсуі, линзаның кескінге әсері сияқты ұғымдарды іс жүзінде қолданды. Өз қолдарымен проектор құрастыру арқылы олар теориялық білімді өмірмен байланыстырып, тәжірибе жасауға дағдыланды. Жоба оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге, логикалық ойлауға және ғылыми қызығушылықты дамытуға ықпал етті.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!

– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!