Бұл жобада оқушылар күнделікті қолжетімді материалдарды пайдалана отырып, қарапайым проектор құрастырады. Жобаның негізгі мақсаты — жарықтың түзу сызықпен таралуын, линзаның кескінге әсерін және көлеңке мен жарық құбылыстарын тәжірибе жүзінде зерттеу. Сонымен қатар, оқушылар ғылыми ұғымдарды шығармашылықпен біріктіріп, инженерлік ойлау қабілеттерін дамытады.
Бөлім: Табиғат физикасы
| Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| 5.2 Жарық | Көлеңкенің пайда болуын түсіндіру және мысал келтіру |
- Бос қорап не гофра картон А4 - 2 дана, 30*30 - 1 дана, 20*10 - 1 дана
- Лупа (үлкейткіш линза) - 1 дана
- Қара қатты қағаз - 4 дана
- Қайшы,сызғыш, желім, ыстық желім, кеңселік пышақ
