2-сабақ

Өткен сабақта оқушылар йогурттан алынған сүтқышқылды бактерияларды үш түрлі қоректік ортаға екті: сүтті-агарлы, қантты-агарлы және картопты-агарлы. Бүгін біз тәжірибе нәтижелерін талдап, қай орта бактериялардың дамуына ең қолайлы болғанын анықтаймыз.

1-қадам. Міне, біз йогурт үлгілерін енгізген үш орта. Барлығы бірдей жағдайда инкубацияланды: қараңғы жерде, 36–37°C температурада.


2-қадам. Сүтті-агарлы ортада бактериялардың белсенді өсуі байқалады. Алдын ала жүргізілген сызықтар бойымен айқын колониялар түзілді. Бұл сүттің құрамындағы лактоза мен ақуыздардың сүтқышқылды микроорганизмдерге негізгі қорек болуына байланысты.


3-қадам. Қантты-агарлы ортада бактериялардың өсуі әлсіз болғаны байқалады. Қоректік заттар аз болғандықтан, бактериялар баяу дамып, колониялар анық көрінбейді.


4-қадам. Картопты-агарлы ортада колониялардың дамуы байқалмайды. Қоректік ортада ақ түсті сұйықтық пайда болған. Бұл крахмал мен ферменттердің жоғары температурада агар құрылымын бұзғандығын білдіреді, ал бактериялар бұл процесті жылдамдатқан болуы керек. Мұндай жағдай қоректік ортаны дұрыс таңдаудың маңыздылығын дәлелдейді.


5-қадам. Қорытындылай келе, тәжірибе көрсеткендей, сүтті-агарлы орта йогурт микрофлорасын өсіруге ең қолайлы болып шықты.

Қорытынды

Бұл жұмыста оқушылар сүтқышқылды өнімдердің микроорганизмдерін әртүрлі қоректік орталарға отырғызды, қарапайым орталарды дайындауды, себінді ережелерін сақтауды және колониялардың дамуын бақылауды үйренді.