Газ бөлшектерінің қозғалысы

Gases Intro by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

video
play-rounded-fill

Мақсаты:

  • Газ бөлшектерінің қозғалысын сипаттау
  • Газ бөлшектерінің қозғалысына температураның әсері

Виртуалды эксперимент

Бұл виртуалды ьәжірибеде газ бөлшектерінің қозғалысын және сыртқы күштер әсер еткенде қалай өзгеретінін бақылайтын боласыз.

Төмендегі суретте әрбір батырманың атқаратын қызметтері көрсетілген.

Жұмыс барысы:

1-қадам. Виртуальды симуляция қосылғанда сізде екі бөлім беріледі: кіріспе және заңдар. Кіріспе бөлімін ашып, сонда жұмыс жасап бастайсыз.

2-қадам. Бөлшектер батырмасын басып, бөлшектер түрлерін ашыңыз. Бөлшектердің екі түрі берілген: ауыр және жеңіл. 

3-қадам. Параметр көрсеткіштерін белгілеу арқылы экранға секундомер мен қабырғаға соқтығысу есептегішін шығарыңыз. Ені батырмасын басу арқылы қорап ені 10 нанометр екенін көре аласыз.

4-қадам. Температура мен қысым өлшем бірліктерін ауыстырыңыз. К-ды ºС-ге, atm — kPa айналдырыңыз.

5-қадам. Қорапқа бөлшектерді енгізу құралы арқылы бөлшектерді енгізіңіз. Көк түсті бөлшектердің салмағы ауыр. Олардың санын бөлшектер бөлімінен қарай аласыз. Және қораптың ішіндегі температура мен қысымның өзгерісін бақылай аласыз.

6-қадам. Қабырғаға соқтығысу есептегішін қосу арқылы 10 pc (пикосекунд) ішінде қабырғаға бөлшектердің соғылу санын көре аласыз.

7-қадам. Қорапты қыздырыңыз. Температура және қысым өзгерісін бақылаңыз.

8-қадам. Қабырғаға соқтығысу есептегішін қосу арқылы тағы да қабырғаға бөлшектердің соғылу санын есептеңіз.

9-қадам. Енді қорапты суытыңыз. Температура және қысым өзгерісін бақылаңыз.

10-қадам. Бөлшектердің қабырғаға соғылу санын қайта есептеп көріңіз.

11-қадам. Қорапты астыңғы жақта орналасқан босату батырмасы арқылы бөлшектерден босатыңыз.

12-қадам. Жеңіл (қызыл түсті) бөлшектерді таңдау арқылы жоғарыда көрсетілген қадамдарды қайталап көріңіз.

13-қадам. Ауыр және жеңіл бөлшектерді салыстырып көріңіз. Жеңіл бөлшектердің жылдамдығы ауыр бөлшектерге қарағанда тез екенін көре аласыз. 

Қорытынды

Виртуалды эксперимент арқылы газ бөлшектерінің қозғалысын және оған температураның әсерін бақылай алдыңыз.

Ағылшын тіліндегі терминдердің қазақша аудармалары:

  • pressure — қысым
  • width — ені
  • stopwatch — секундомер
  • collision counter — соқтығысу есептегіші 
  • particles — бөлшектер
  • heat — ысыту
  • cool — салқындату
  • heavy — ауыр
  • light — жеңіл