Концентрация
Concentration by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба атауы: Концентрация
Бұл виртуалды зертхана химия сабақтарында келесі тақырыптар бойынша пайдалануға арналған:
- 8 сынып. X тарау. «Ерітінді және ерігіштік».
Мақсаттар:
- концентрация ұғымын түсіну
- концентрация мен қанықтылық арасындағы байланысты байқау анықтау
- сұйылту кезінде концентрацияның қалай өзгеретінін зерттеу
Тәжірибелік бөлім
Бұл симуляция ерітінді компоненттері мен концентрация арасындағы байланысты анықтауға көмектеседі.
- Симуляцияны іске қосыңыз. Сіз сумен толтырылған стаканды, еріген заттарды қосуға арналған шейкерді және ерітінді концентрациясын өлшеу құрылғысын көресіз.
- Симуляция зерттеуге арналған әр түрлі еріген заттарды ұсынады. Оларды қатты күйінде немесе концентрацияланған сұйықтық ретінде қосуға болады. Есіңізде болсын, бұл симуляцияда еріткіштің бір ғана түрі — су қолданылады.

№1 виртуалды тәжірибе.
3. Калий перманганатының қалай еритінін бақылайық. Еріген затты суға қосыңыз. Ерітінді түсінің өзгеруіне назар аударыңыз. Бұл суда еріген заттың бар екендігін анық көрсетеді.

4. Стакандағы суды кетіру үшін «Evaporation» сырғытпасын пайдаланыңыз. Қандай өзгеріс орын алды? Өз бақылауларыңызға сүйене отырып, «қаныққан ерітінді» ұғымын түсіндіріңіз.


№2 виртуалды тәжірибе.
Ендігі тәжірибеде концентрация мен ерітінді компоненттері арасындағы байланысты зерттеңіз.
5. Концентрация өлшегішті сұйықтыққа сүйреп әкеліңіз. Еріген затты қосқанда, су қосқанда немесе ерітіндіні ағызғанда концентрация көрсеткішінің қалай өзгеретінін бақылаңыз.



6. Енді симуляцияны қайта бастап, никель (II) хлориді сияқты жаңа еріген затты таңдаңыз. Бұл жолы стақанға еріген затты қосу үшін пипетканы пайдаланыңыз.

7. Ерітіндінің бастапқы концентрациясын өлшеу үшін концентрация өлшегішті пипетка астына орналастырып, еріген затты қосыңыз. Берілген көрсеткішті жазыңыз.

8. Сұйылтылған ерітіндінің концентрациясын есептеу үшін формуланы қолданыңыз:
С1 * V1 = С2 * V2
С2= (С1*V1)/V2
мұндағы:
C1 = Бастапқы концентрация (белгілі)
V1 = Бастапқы көлем (өлшеу алдында еріген зат қосылмағандықтан немесе жойылмағандықтан тұрақты деп есептеледі)
C2 = Соңғы концентрация (белгісіз шама)
V2 = Қорытынды көлем (белгілі)
9. Болжамыңызды тексеріңіз. Симуляциядағы нақты концентрацияны көру үшін концентрация өлшегішті қайтадан стаканға орналастырыңыз. Бұл сіздің есептеу нәтижеңізге сәйкес келе ме?

Концентрацияның өзгеруі туралы түсінігіңізді нығайту үшін бұл тәжірибені әр түрлі еріген заттармен қайталаңыз. Жұмысты қорытындылаңыз.
Қорытынды
Осы қадамдарды орындау және әртүрлі еріген заттармен зерттеуді ынталандыру арқылы оқушылар PhET симуляциясы көмегімен ерітінді концентрациясы туралы құнды түсініктерге ие болады.
Терминдер сөздігі
- Solute — еріген зат
- Solution — ерітінді
- Solid — заттың қатты күйі
- Concentration — ерітінді концентрациясы
- moles(mol) — моль
- litres(L) — литр
- evaporation — булану
- Remove solute — еріген затты төгіп тастау
- drink mix — қоспа
- cobalt (II) nitrate — кобальт нитраты
- cobalt (II) chloride — кобальт хлориді
- potassium dichromate — калий дихроматы
- potassium chromate — калий хроматы
- nickel (II) chloride — никель хлориді
- copper (II) sulfate — мыс сульфаты
- potassium permanganate — калий перманганаты
- sodium chloride — натрий хлориді
