Лаб 3. Сабақ 1

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау

Жұмыстың мақсаты

  • Математикалық маятниктің көмегімен Жердегі еркін түсу үдеуін анықтау;
  • Период квадратының маятник ұзындығына тәуелділігін талдап, график салу;
  • Алынған мәнді нақты мәнмен g = 9.8 м/ссалыстыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Еркін түсу үдеуін математикалық маятниктің көмегімен анықтау болады, ол үшін маятниктің периодын және ұзындығын білу керек.

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

Математикалық маятниктің тербеліс периоды аспаның ұзындығымен және еркін түсу үдеуімен келесі формуламен байланысады:

Тербеліс периоды – бір толық тербелістің уақыты:

Формулалардан шығатыны:

Дереккөздер:

  1. Қисықсызықты қозғалыс, материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы. (2019). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.
  2. Денелердің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі. (2019). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.
  3. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері. (2019). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Тәжірибе.

Жұмыс барысы:  

1-қадам.

Штативті үстелдің шетіне қойыңыз. Допты жіпке қадап штативке іліңіз. Доп еденнен 3-5 см қашықтықта ілінуі керек.

2-қадам. Ілгіштің ұзындығын өлшеуіш таспамен өлшеңіз. Кестеге мәліметтерді енгізіңіз.

3-қадам. Электрондық секундомердің көмегімен маятниктің 40 тербелу уақытын өлшеңіз. Ол үшін допты тыныштық күйінен алыстатып, допты жіберіп, секундомермен санауды бастаңыз. Кестеге мәліметтерді енгізіңіз.

4-қадам. Тәжірибені 5 рет қайталаңыз. Кестеге мәліметтерді енгізіңіз.

5-қадам. Әрбір тәжірибе үшін ауырлық күшінің үдеуін есептеп, оның орташа мәнін табыңыз. Кестеге мәліметтерді енгізіңіз.

6-қадам. Еркін түсу үдеуін g = 9.8 м/с2 деп алып, келесі формулалар бойынша өлшеудің абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін табыңдар:

7-қадам. Өлшеу нәтижесін келесі түрде жазыңыз:

Зерттеу бөлімі

Жіптің ұзындығы,
 l, м
Тербеліс саны,
N
Тербеліс уақыты,
 t, с
Еркін түсу үдеуі, 
g, м/с2
Үдеудің орташа мәні, 
gорт, м/с2
1     
2     
3     
4     
5     

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Математикалық маятниктің периоды қалай анықталады?

Қорытынды

Ауырлық күшінің үдеуін математикалық маятниктің периоды формуласынан тербеліс периоды мен маятниктің ұзындығын өлшеу арқылы көрсетуге болады.