Лаб 4. Сабақ 1

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау

Жұмыстың мақсаты

  • Су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын өлшеу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Біртекті ортадағы толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты.

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

  Толқындардың барлық түрі біртекті ортада тұрақты жылдамдықпен таралады:

мұндағы l – тербеліс көзі мен кеңістіктің толқын жеткен соңғы нүктесі арасындағы қашықтық; t – толқынның таралу уақыты. 

Дереккөздер:

  1. Тербелмелі қозғалыс. (2019). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Тәжірибе.

Жұмыс барысы:  

1-қадам.

Ыдысқа су құйып, ыдыстың шетіне қалтқы жіберіңіз. Ыдыстың ұзындығын өлшеңіз.

2-қадам.

Қалтқыны тереңірек батыра отырып, тербелмелі қозғалысқа түсіріңдер. Қалтқының тербелмелі қозғалысынан туындайтын толқынның ыдыстың қарама-қарсы шетіне дейін жететін уақытын белгілеңдер. 

3-қадам. Тәжірибені 5 рет қайталаңдар, өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. 

4-қадам. барлық тәжірибелер үшін толқын жылдамдығын есептеңдер, нәтижелерді кестеге жазыңдар.

5-қадам. Толқын жылдамдығының орташа мәнін табыңдар. 

6-қадам. статистикалық әдіспен толқын жылдамдығын өлшеу қателігін бағалаңдар.

7-қадам. Өлшеу нәтижесін келесі түрде жазыңдар:

Зерттеу бөлімі

Уақыт,
t, с
Ыдыстың ұзындығы,
l, м
Толқын жылдамдығы, 
v, м/с
Орташа толқын жылдамдығы,
 vорт, м/с
1    
2    
3    
4    
5    

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Өлшеу дәлдігін арттыру үшін қандай жағдайлар жасау керек?

Қорытынды

Біртекті ортадағы толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты, оны таралу уақытын және толқынның тараған қашықтығын өлшеу арқылы есептеуге болады.