Сабақ
Жобаның мақсаты
- Анимация негіздерін және қозғалмалы суреттер жасаудағы негізгі принциптерді үйрену
Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Жобаның тәжірибелік бөлімінде оқушылар 4-5 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.
- Жұмыс басталар алдында қажетті барлық материалдарды беріңіз.
- Қайшы және ыстық желіммен жұмыс істеу қауіпсіздігі бойынша қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
- Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Теориялық бөлім
Қозғалыс – бұл біз күн сайын көретін нәрсе. Біз допты еден бойымен домалатқанда немесе велосипед айдағанда қозғалысты бақылаймыз. Бірақ жылдам болып жатқан қозғалысты қалай көрсетуге болады?


Зоотроп — бұл суреттердің қалай қозғалысқа келетінін көруге мүмкіндік беретін қарапайым құрал. Ол келесі принциппен жұмыс істейді: әртүрлі суреттерді бірінен соң бірін жылдам көрсетсек, көзіміз оларды қозғалыс ретінде көреді. Бұл біздің сүйікті мультфильмдерімізге ұқсас!
Зоотропты 1834 жылы ағылшын ғалымы Уильям Джордж Хорнер ойлап тапты. Ол суреттерді айналдыра отырып, олардың қозғалып жатқандай көрінуін ұйымдастырды. Бұл қазіргі анимацияны жасау жолындағы алғашқы қадамдардың бірі болды.


Бүгін біз әртүрлі суреттерді пайдаланып, зоотроп жасаймыз, осылайша оларды қозғалысқа келтіреміз. Бұл қозғалыстың қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін тамаша мүмкіндік.
Практикалық бөлім
Zoetrope
1-қадам. Қажетті материалдарды дайындаңыз. Үлгілерді келесі сілтеме бойынша жүктеп, басып шығара аласыз.

2-қадам. Қара қағазды қиып, оны үзік сызық бойымен екіге бүктеңіз.


3-қадам. Ақ жолақтарды қиыңыз. Сізде ойықтары бар екі қара жолақ шығуы қажет.


4-қадам. Енді жолақтарды біріктіріп, ұзын таспа жасаңыз.


5-қадам. Картоннан 11 см диаметрлі шеңбер қиыңыз. Шеңбердің ортасына кішігірім саңылау жасаңыз.


6-қадам. Қара таспаны картонның жиегіне жабыстырыңыз.


7-қадам. Таяқшаны орталық тесікке өткізіп, ыстық желіммен бекітіңіз.


8-қадам. Енді кез келген қозғалыстағы объектінің бірнеше суретін салыңыз немесе дайын суреттерді (сілтеме) пайдаланыңыз. Суреттер арасындағы қашықтық таспадағы саңылаулар арасындағы қашықтықпен сәйкес келуі керек екенін ұмытпаңыз. Суреттерді қалауыңызша бояңыз.


9-қадам. Суреттерді қиып, оларды бір жолаққа таспа желіммен біріктіріңіз.


10-қадам. Суреттері бар жолақты қара таспаның ішіне суреттер саңылаулардың арасында болатындай етіп орналастырыңыз.


Дайын! Енді нәтижені көрейік. Суреттерді «тірілту» үшін зоотропты қолмен айналдырып, саңылаулар арқылы ішіндегі суреттерді тамашалаңыз.

Zoetrope 2
Қорытынды
Бұл жоба анимацияның жылдам ауысатын статикалық суреттерден құралатынын көрсетеді. Мультфильмдер мен фильмдер осы принципке негізделген.

Бұл жобада әр оқушы STEAM атағымен бірнеше санат бойынша марапатталады:
- Зоотроп құра отырып, суреттерді «тірілтуді» үйрендіңіз. Енді сіз — Суретші-аниматорсыз!
- Саңылауларды қиып, суреттерді мұқият орналастыру арқылы сіз егжей-тегжейге назар аудару қабілетіңізді көрсеттіңіз. Керемет жұмыс! Сіз — нағыз шеберсіз!
