Сабақ

Жобаның мақсаты: 

  • 10 — ға дейінгі сандарды салыстыруды үйрену.  

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
  • Тәжірибелерді бастамас бұрын оқушылардың 10-ға дейінгі сандармен таныс екеніне көз жеткізіңіз.
  • Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
  • Қайшымен, ыстық желіммен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
  • Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Сандарды салыстыру дегеніміз не?

Екі алманы елестетіп көріңіз: біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Қай алманың үлкен және қайсысы кішірек екенін түсіну үшін біз оларды салыстырамыз. Біз сандармен де солай істейміз.

Сандарды салыстыру дегеніміз — қай санның үлкен, қайсысы аз немесе тең екенін анықтағау.

Салыстыру белгілері:

Салыстыру нәтижесін жазу үшін біз арнайы белгілерді қолданамыз:

  • Көп: > (бұл әрқашан үлкен санға қарайтын қолтырауынның ашық аузы сияқты.)
  • Аз: < (бұл белгі алдыңғы белгіге ұқсас, бірақ қолтырауынның аузы басқа жаққа бұрылып, аз санға қарайды.)
  • Тең: = (бұл белгі сандардың бірдей екенін көрсетеді.)

Сандарды қалай салыстыруға болады:

  • Заттарды қолданыңыз: әр сан қанша көрсетсе, сонша зат алыңыз. Заттардың қай тобы үлкен екенін салыстырыңыз.
  • Санау кезіндегі сандардың ретін еске түсіріңіз: санау кезінде ертерек атайтын сан аз, ал кейінірек одан көп.

Мысалдар:

  • 5 > 3 (бес үштен көп)
  • 2 < 4 (екі төрттен аз)
  • 7 = 7 (жеті жетіге тең)

Тәжірибелік бөлім

video
play-rounded-fill

1. 30*25 см өлшемде гофрокартонды алыңыз. 

2. Ағаш таяқшаны 7.5 см ұзындықта екіге бөліңіз. Әр бөліктің ұзындығын өлшеңіз.

3. Картон қағаздан 7,5*3 см төртбұрыш қиыңыз. Картон қағазға ұзындығы бойымен ирек салыңыз және оны қиыңыз.

4. Таяқшаны картон қағазға ыстық желіммен желімдеңіз. Кеңсе түймелерін қағаздың келесі бетіне желімдеңіз. 

5. А4 қағаздан 8*6 см өлшемде екі дана төртбұрыш қиыңыз.

6. Қағазды гофрокартонның шетінен 3,5 см, жоғары жағынан 6 см қашықтық қалатындай етіп желімдеңіз. Жабысқақ таспамен үстінен жабыстырыңыз. Екінші қағазды да картонның екінші жартысына тура солай өлшеп жабыстырыңыз.

7. Екі қағаздың ортасына салыстыру белгілері — ағаш таяқшаларды орнатыңыз. Оларды кеңсе түймелерін картонға кіргізу арқылы бекітесіз.

Дайын! 

Енді сандарды салыстыра аласыз. Жабысқақ таспаның бетіне маркермен әртүрлі сандарды жазып салыстырып көріңіз. Қолтырауынның аузы үлкен сан жаққа қарайды. Сандарды ылғал сүлгімен сүртіп тақтаны тазалап отырыңыз. 

video
play-rounded-fill

Құттықтаймыз! Сіз өзіңіздің салыстыру тақтаңызды жасадыңыз!

Қорытынды

Бұл жоба сізге өзіңіздің салыстыру тақтасын жасап, сандарды салыстыруға мүмкіндік береді. Сандардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші екенін есіңізде сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар, алда бұл сандардан үлкен сандарды өткен кезде де осы тақтаны қолданып, салыстыру жасай аласыз.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сандарды салыстыруды білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!

– Мына керемет салыстыру тақтасына қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!