Сабақ

Жобаның мақсаты: 

  • Біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану.
  • Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.  

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
  • Тәжірибелерді бастамас бұрын оқушылардың 10-ға дейінгі сандармен таныс екеніне көз жеткізіңіз.
  • Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
  • Қайшымен, ыстық желіммен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Қосу және азайту дегеніміз не?

Қосу — бұл екі немесе одан да көп жиындарды біріктіретін және барлығы қанша элемент болғанын есептейтін математикалық әрекет. Мысалы, егер сізде 3 алма болса, анаңыз тағы 2 алма берсе, онда сізде барлығы 3+2=5 алма болды.

Азайту — қосудың кері әрекеті. Бұл бір санның екіншісінен қанша кіші екенін немесе бір бөлігі алынып тасталса, қанша элемент қалғанын көрсетеді. Мысалы, егер сізде 5 кәмпит болса және сіз 2 жесеңіз, онда сізде 5-2=3 кәмпит қалады.

Қосу және азайту әдістері:

  • Заттарды пайдалану: ең оңай жолы – кез келген заттарды пайдалану: ойыншықтар, саусақтар, санау таяқшалары.
  • Сандық қатар: сандық қатардың көмегімен алға немесе артқа қадамдар жасау арқылы қосу және азайту процесін көрнекі түрде көрсетуге болады.
  • Қосу кестесі: қосу кестесі 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қосу нәтижелерін есте сақтауға көмектеседі.
  • Қосу әрекеті ретінде азайту: егер сіз 3+2=5 екенін білсеңіз, 5-2=3 екенін түсіну оңай.

Қосу қасиеті

Ауыстыру қасиеті: сандардың орнын ауыстырудан нәтиже өзгермейді. Мысалы, 2+3=3+2.

Тәжірибелік бөлім

video
play-rounded-fill

1. Сілтеме арқылы өтіп, берілген суреттерді қазғазға басып шығарыңыз: дүкен және балмұздақ. Балмұздақ суреты бар қағазды 25*18 см өлшемде, дүкеннің суреті бар қағазды 8*18 см өлшемде қиып алыңыз. 

2. 20*5 см гофрокартоннан 20*1 см — 3 дана, 4*1 см —  2 дана картон қиыңыз.

3. Балмұздақ суреті бар қағазға картонды ыстық желіммен жабыстырыңыз. 20*1 см 2 дана қағазды жоғарыдан 2,5 см, сол жақ жиектен 0,5 см жабыстырыңыз. Арасы 4 см алшақтықта болсын. Екеуінің ортасына 4*1 см картондарды жабыстырыңыз. Үшінші 20*1 см картонды жоғарыдан 2,5 см, оң жақ жиектен 2 см қашықтықта жабыстырыңыз.

4. 25*18 см өлшемде гофрокартонды қиып алыңыз. Сол жақ жиектен 1,5 см, жоғарыдан 3,5 қалдырып 18*4 см болатын төртбұрыш сызыңыз. Оны кеңселік қайшымен қиып алып тастаңыз. 

5. Картонның бетіне дүкеннің суретін жоғарыдан 3,5 см, оң жақ жиектен 2 см қашықтықта желімдеңіз. Жабысқақ таспамен жабыстырыңыз. Жабысқақ таспа тақтаның қызметін атқарады. 

6. Балмұздақ суреті бар қағазға дүкен бейнеленген картонды ыстық желіммен жабыстырыңыз. Бірақ картонның төменгі жағын жабыстырмаңыз. Картонның ортасындағы ойықтан балмұздақтар көрініп тұру керек. 

7. А4 қағаздан ені 4 см болатын төртбұрыш қиып алыңыз. Оны картонның төменгі жағынан балмұздақ тұрған жерге кіргізіңіз. Осы қағазды жоғары-төмен жылжыту арқылы есеп шығаратын боласыз.

Дайын! 

Енді 1-9 аралығындағы сандарға қосу, азайту есептерін шығара аласыз. Дүкендегі жоғарыда орналасқан екі төртбұрышқа маркермен сандарды жазып есеп құрастырыңыз. Есепті балмұздақтың бетінде орналасқан ұзын тілше қағазды жылжыта отырып шығарыңыз. Жауабын төменгі төртбұрышқа жазыңыз. Маркерді дымқыл сүлгінің көмегімен өшіре аласыз. Осылай әртүрлі есептер шығарыңыз.

video
play-rounded-fill

Құттықтаймыз! Сіз өзіңіздің қосу мен азайтуға арналған есептеу тақтаңызды жасадыңыз!

Қорытынды

Бұл жоба сізге өзіңіздің есептеу тақтасын жасадыңыз. Тақта 10-ға дейінгі сандарды қосуға және азайтуға мүмкіндік береді. Дүкенде балмұздақпен есептеу оқушылар үшін қызық және көңілді болады. 10 – ға дейінгі сандарды қосу және азайту — күрделі математикалық амалдарды үйренудің алғашқы қадамы.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сандармен есеп шығаруды үйпендіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!

– Мына керемет есептеу тақтасына қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!