Сабақ
Жобаның мақсаты:
Ондықтардың 100-ге дейінгі ретін құрастыру, 100 шегінде суреттер, пішіндер, белгілер, сандар қатарының заңдылығын анықтау.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
Жобаны бастамас бұрын сандар қатарын, ондықтар мен бірліктерді түсіндіріңіз.
Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
Қайшымен,жабысқақ таспамен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Теориялық бөлім
Сандар — біздің ең жақсы достарымыз! Олар бізге заттарды санауға, реттеуге және тәртіппен қоюға көмектеседі. Мысалы, егер сенде 5 қарындаш болса — сандар арқылы біз олардың қанша екенін білеміз.
Сандар әрқашан бірінен кейін бірі тұрады. Егер біз 0-ден бастап санасақ, келесі сан — 1, одан кейін 2… осылайша 100-ге дейін барамыз. Бұл ретпен өсу деп аталады.
Сандар екіге бөлінеді:
- Ондықтар — үлкен сандар: 10, 20, 30…
- Бірліктер — кіші сандар: 1, 2, 3…
Мысалы, 24 деген сан екі бөліктен тұрады:
— 20 — бұл ондық,
— 4 — бұл бірлік.
Біз осыны түсінсек, сандарды оңай оқи аламыз және есептей аламыз!
Сандарда заңдылық бар: әр ондықта 10 сан болады. Мысалы, 30-дан кейін 31, 32, 33… 39, 40. Көрдің бе? Олар әрдайым бір тәртіппен жүреді. Бұл — сандардың ережесі!

Сандардың ретін түсінсек, біз күнделікті өмірде де оңай бағдар табамыз: мысалы, парақ нөмірін табу, сағатты оқу, дүкенде ақша санау. Сондықтан сандар — біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі!
Тәжірибелік бөлім
1-қадам. Стаканның түп жағына жабысқақ таспаны 3-4 рет айналдыра ораңыз. Бұл үстіне екінші стаканды кигізгенде стакан шамалы көтеріліп тұруы үшін қажет.


2-қадам. Қалған стакандардың 9-на осылай жабысқақ таспаны орап шығыңыз. Тек біреуіне орамай, қалдырыңыз. Бұл стакандардың ең үстінде тұрады.

3-қадам. Стакандарды үсті-үстіне кигізіңіз. Ең үстінде жабысқақ таспасы жоқ стаканды кигізіңіз. Бір стакан мен екіншісінің арасында ашық тұрған жерлерге 0-100 аралығында сандарды ондықтар ретінде қаламмен бір-бірден жазып шығыңыз: 0,10,20,30, …, 100.


4-қадам. Стакандардан құралған тізбекті қайтадан бұзыңыз. Қаламмен жазылған сандарды фломастермен басып жазып шығыңыз.


5-қадам. Стакандардағы сандардың жоғарғы жағына суреттегідей айналдыра түзу сызып шығыңыз. Бір стаканның үстіне екінші стаканды кигізіп сызсаңыз ыңғайлы болады.


6-қадам. 0 саны жазылған стаканның ашық жеріне 1-9 аралығындағы сандарды суреттегідей бағанға жазып шығыңыз.

7-қадам. Жазылған цифрға сәйкес санда жұлдыз суреттерін салып шығыңыз. Мыс, 1 цифрының қасына 1 жұлдыз, 2 цифрының қасына 2 жұлдыз, 5 цифрының қасына 5 жұлдыз. (Немесе өзіңіз қалған суретті салыңыз: шеңбер, төртбұрыш, т.б.).

8-қадам. Қалған стакандар үшін де осы процесті қайталаңыз.

Дайын!
Стакандарды реттілігі бойынша үсті-үстіне кигізіңіз. Сізде 0-100 аралығындағы сандар тізбегі дайын. Стакандар осылай жиналып тұрғанда ондықтар тізбегін көресіз. Ал стакандарды көтеріп арасын ашу арқылы бірліктерді көресіз.


Қорытынды
Бұл жоба 1-сынып оқушыларына 0-ден 100-ге дейінгі сандардың ондық ретпен орналасуын түсінуге көмектесті. Оқушылар стакандарды пайдалана отырып, сандарды реттеп орналастырады. Осылайша оқушы сан қатарындағы заңдылықты көреді, бірліктер мен ондықтардың байланысын түсінеді. Бұл практикалық жұмыс сандарды топтастыруды, үлгіні байқауды және логикалық ойлауды дамытады.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:
– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!
