Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Әртүрлі денелердің температурасын өлшеу.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Сабақтың басында оқушылармен бірге “температура”, “температураның өзгеруі”, “термометр” ұғымдарын талқылаңыз.

Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.

Қайшымен, ыстық сумен, спиртпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Біз күн сайын «бүгін ауа райы жылы» немесе «сыртта өте суық» деп айтамыз. Осындай кезде бізге нақты қаншалықты жылы немесе суық екенін білу үшін температура деген ұғым көмектеседі. Температура — бұл дененің, ауаның немесе сұйықтықтың қаншалықты жылы немесе суық екенін көрсететін өлшем. Мысалы, мұз — салқын, ал қайнап тұрған су — ыстық. Олардың температуралары әртүрлі.

Температураны өлшеу үшін арнайы құрал — термометр қолданылады. Термометр бізге дененің температурасы жоғары ма, төмен бе, соны нақты санмен көрсетіп береді. Кейбір термометрлер цифрмен көрсетсе, кейбірі ішінде сұйықтық бағаны арқылы жұмыс істейді. Сұйықтықтар жылу әсерінен кеңейіп, ал салқындағанда тарылып тұрады. Осы өзгеріс арқылы біз сұйықтықтың деңгейінің көтерілгенін немесе төмендегенін байқап, температураны анықтай аламыз.

Егер термометрді мұздай суға салсақ, ішіндегі сұйық төмен түседі. Ал егер оны жылы суға салсақ, сұйықтық жоғары көтеріледі. Бұл сұйықтықтың жылуға жауап ретінде кеңейіп, түтік бойымен қозғалуына байланысты. Бұл құбылыс — жылу кеңеюі деп аталады.

Температураны білу — тек ауа райын анықтау үшін емес, дене қызуын өлшеу, тағам дайындау, ғылыми жұмыстар жүргізу сияқты көптеген маңызды жағдайда қажет. Сондықтан термометр — күнделікті өмірде жиі қолданылатын, қарапайым, бірақ өте пайдалы құрал.

Тәжірибелік бөлім

1-қадам. Түтікшені маркермен 0,5 см аралықпен белгілеп шығыңыз. Бұл сіздің шкалаңыз болады.

2-қадам. Спиртті бөтелкенің ортасына дейін құйып, тағамдық бояғыш қосып шайқаңыз.

3-қадам. Пипеткаға (шприцке) бөтелкеден біршама спирт құйып алыңыз. 

4-қадам. Жұмсақ ермексаздан дөңгелек жасап, ортасынан түтікше өтетіндей тесік жасаңыз. Ермексаз бөтелке аузын ауа өтпейтіндей мықтап жабу үшін қажет.

5-қадам. Түтікшені бөтелкеге ермексаздағы тесіктен өткізіп орнатыңыз. Түтікше спиртке батып тұруы керек, бірақ түбіне тимеуі тиіс. Ермексазмен түтікшенің арасында бос орын қалмайтындай жақсылап жабыңыз. 

6-қадам. Пипеткамен түтікшеден спиртті құйыңыз. Қазіргі сұйық деңгейін “бөлме температурасы” деп есептеңіз.

Дайын! 

Стакандардың біріне салқын су мен мұз, екіншісіне ыстық су құйыңыз. Бөтелкені мұздай суға батырып, сұйық деңгейінің өзгерісін бақылаңыз. Содан кейін ыстық суға салып, қайта өзгерісті бақылаңыз.Термометрдің түтікшесіне белгіленген шкала арқылы температура өзгерісін бақылаңыз.

Қорытынды

Оқушылар өз қолымен термометр жасап, оны түрлі ортада қолданып көруді. Температураның өлшенуі туралы нақты түсінік қалыптасты. Осылайша, бұл жоба STEAM бағыты бойынша ғылым (физика), инженерия (құрастыру), математика (шкала және өлшеу) сияқты салаларды тоғыстырып, оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытты.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!