Сабақ
Жобаның мақсаты:
Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
Оқушыларға сандарды сызғышқа жазу кезінде дұрыс реттілік пен арақашықтықты сақтау керектігін түсіндіріңіз.
Тепе-теңдік ойынына көшкенде түрлі тапсырмалар беріңіз: «5 мен 7 қай сандардың қосындысына тең болуы мүмкін?» «Берілген тепе-теңдікке қай сандар жетіспейді?»
Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
Ыстық желіммен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Теориялық бөлім
Математикада екі таңбалы сандар 10 мен 99 аралығындағы сандарды білдіреді. Бұл сандар ондықтар мен бірліктерден тұрады. Мысалы, 42 санында 4 ондық және 2 бірлік бар. Екі таңбалы сандарды дұрыс оқу және жазу үшін ондық пен бірліктің мәнін түсіну маңызды.
Сандарды оқу — сандардың қалай аталатынын дұрыс айту.
Сандарды жазу — айтылған немесе ойша ойластырылған санды цифрлармен көрсету.
Сандарды салыстыру — қай сан үлкен, қай сан кіші екенін анықтау. Бұл үшін «>» (үлкен), «<» (кіші), «=» (тең) таңбалары қолданылады.
Мысалы:
36 < 45, себебі 3 ондық 4 ондықтан аз.
78 > 61, себебі 7 ондық 6 ондықтан көп.
52 = 52, себебі екі сан да бірдей.

Сандарды салыстыру және олардың қосындысын анықтау үшін баланс (тепе-теңдік) қағидасы жиі қолданылады. Егер бір жақтағы сандар екінші жақтағы сандардың қосындысына тең болса, онда олар тепе-тең. Бұл тепе-теңдік ұғымы математикада теңдік деп аталады.
Мысалы
3 + 5 = 8
2 + 6 = 4 + 4
Тәжірибелік бөлім
Қадам 1. Сызғыштың сандар жазылмаған таза бетін ортасына белгі қойып, тесіңіз.


Қадам 2. Центрден екі жағынан 1,5 см қалдырыңыз. Одан кейінгі қашықтықты 1 см-ден белгілеп, сандарды жазып шығыңыз.


Қадам 3. Ағаш таяқшаларды ұзындығы 2 см болатын етіп, 28 бөлікке бөліңіз.

Қадам 4. Таяқшаларды сызғышқа сандардың қасына желімдеп шығыңыз.

Қадам 5. Екі шпатель таяқшаның бір жақ басынан бізбен тесік жасаңыз.

Қадам 6. Шпатель таяқшалар мен сызғышты тесіктері арқылы түйреуіш инемен біріктіріңіз. Артқы жағынан ине шығып кетпеуі үшін ыстық желіммен түйін жасаңыз.


Қадам 7. Шпатель таяқшаларын сызғышқа тіреу ретінде қолданамыз. Оны картон бетке желімдеңіз.

Дайын!
Енді қағаз қыштырғыштарды сандарға ілу арқылы баланс құруға, есептер шығаруға қолданыңыз. Мысалы, сызғыштың бір жағына 2 мен 4 санына қыстырғыш іліңіз. Балансқа келу үшін сызғыштың келесі жағына 6 санына, 1 мен 5 сандарына, немесе 3 санына екі қыстырғыш іліңіз.
Осы сияқты әртүрлі амалдар орындаңыз.

Қорытынды
Бұл жоба арқылы оқушылар екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру және қосу амалдарын көрнекі және қызықты түрде үйренеді. Тепе-теңдік тақтасы балалардың логикалық ойлау қабілетін, ұсақ моторикасын және математикаға деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, өз қолымен құрал жасау арқылы оқушы шығармашылық тұрғыда дамиды.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:
– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!
– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!
