Сабақ
11 сынып. Биология. Lab №1 Әртүрлі өсімдік жасушаларындағы фотосинтез пигменттерінің құрамын зерттеу
Жұмыстың мақсаты:
- Фотосинтездің негізгі пигменттерін әртүрлі өсімдіктер негізінде зерттеу.
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Тапсырма 3-4 адамнан тұратын топтарда орындалады
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:
Теориялық бөлім
Хлоропластар — бұл фотосинтез процесі жүретін өсімдік жасушасының органоидтары. Олардың негізгі қызметі — пигменттер көмегімен күн энергиясын химиялық энергияға айналдыру.

Негізгі фотосинтез пигменттері:
- Хлорофилл a — негізгі жасыл пигмент, жарық энергиясын сіңіреді.
- Хлорофилл b — қосымша жасыл пигмент, жарық сіңіру аясын кеңейтеді.
- Каротиноидтар — сары және қызғылт сары пигменттер, хлорофилді бұзылудан қорғайды.
- Антоциандар — қызыл-күлгін суда еритін пигменттер, фотосинтезге қатыспайды, бірақ қорғаныш қызметін атқарады.

Хроматография — бұл заттарды еріткіш әсерінен қағаз бойымен жылжу жылдамдығына қарай бөлу әдісі. Әрбір пигменттің өзіндік Rf мәні бар.

Практикалық бөлім
Фотосинтез пигменттерін хроматографиялау үшін хлорофилл мен каротиноидтардың мөлшері әртүрлі өсімдіктердің жапырақтарын қолданған тиімді. Бұл пигменттердің алуан түрлілігін көруге мүмкіндік береді. Мысалы: шпинат, райхан(базилик), ақжелкен, қызыл қырыққабат, салат жапырақтары және т.б.
1-қадам. Қызыл райхан жапырақтарын жеке-жеке ұсақтап, келі-келсаппен езiңiз.


2-қадам. Үлгіге 2–3 мл 96% этил спиртін немесе ацетон қосыңыз. Жапырақтарды қою жасыл-күлгін ерітінді алынғанша жақсылап езіңіз.


3-қадам. Сүзгі қағазынан 1–2 см ені, 8–10 см ұзындығы бар жолақтар қиып алыңыз. Бір жақ ұшын қиып, тілше жасаңыз. Тілше ұшынан 1,5 см биіктікте қарындашпен көлденең сызық сызыңыз (старт сызығы).



4-қадам. Шыны стаканға немесе сынауыққа 1–2 см этил спиртін құйыңыз.

5-қадам. Мақта таяқшасы, тіс шұқығыш немесе шприцтің көмегімен әр жолақтың старт сызығына экстракттың бір тамшысын мұқият жағыңыз. Тамшы кепкен сайын экстрактты бірнеше мәрте қайталап жағыңыз.

6-қадам. Қағаз жолағын еріткіші бар ыдысқа төменгі жағымен түсіріңіз, бірақ пигмент еріткішке тимеуі тиіс.

7-қадам. Еріткіштің қағаз бойымен қалай жоғары көтеріліп, пигменттерді бөле бастағанын бақылаңыз. Еріткіш 6–8 см-ге дейін көтерілгенше күтіңіз.

8-қадам. Қағазды шығарып алып, еріткіш жеткен жерге қарындашпен белгі қойыңыз (финиш). Әрбір түсті пигменттің ортасын белгілеңіз.

Әрбір пигмент үшін Rf мәнін есептеу
Старт сызығынан әрбір пигменттің ортасына дейінгі арақашықтықты өлшеңіз.
Старт сызығынан финиш сызығына дейінгі жалпы қашықтықты өлшеңіз.
Rf мәнін келесі формуламен есептеңіз:

Мәліметтерді Жұмыс парағындағы кестеге енгізіңіз. Қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Тәжірибе нәтижесінде оқушылар қызыл райхан жапырақтарынан пигменттерді бөліп алды. Олар әр пигмент үшін Rf мәндерін есептеді. Осылайша, оқушылар хлоропласт құрылымы мен оның фотосинтез және өсімдікті қорғау қызметі арасындағы байланысты анықтай алды.
