Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Өсімдіктердің өмірлік циклін сипаттау

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз. Топтағы әр оқушыға бір-бір өсімдіктен беріңіз.

Ескерту: Кейбір өсімдіктер жасы ұлғайған сайын қайта өсу (регенерация) қабілетін жоғалтады, өйткені олар фитогормондарға сезімталдығын төмендетеді. Сондықтан жас немесе ұсақ өсімдіктерді пайдаланған дұрыс.

Кесте толтыруға арналған жұмыс парақтарын таратыңыз.

Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Өсімдіктер — тірі ағзалар. Олар ауа, су, жарық және жылу арқылы тіршілік етеді. Өсімдіктердің негізгі бөліктері — тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым. Әр бөлік белгілі бір маңызды қызмет атқарады:

  • Тамыр — өсімдікті топырақта ұстап тұрады және су мен қоректі заттарды сіңіреді.
  • Сабақ — су мен қоректік заттарды тамырдан жапырақтарға жеткізеді.
  • Жапырақ — ауа мен жарық арқылы өсімдікке қорек жасайды (фотосинтез).

Кейбір өсімдіктердің бір бөлігін кесіп алсақ та, олар қайта өсе алады. Бұл қасиет қайта қалпына келу немесе регенерация деп аталады. Мысалы, көк пияздың түбінде (тамырға жақын жерде) кішкентай бүршіктер болады. Осы бүршіктерден жаңа жапырақ өсіп шығады.

Өсімдік бөліктерінің қайта өсу мүмкіндігі бірдей емес. Өсімдіктің төменгі бөлігінде – яғни тамыр мен сабақтың түбіне жақын жерде – белсенді жасушалар көп болады. Олар жаңадан тамыр, сабақ немесе жапырақ жасай алады. Ал өсімдіктің жоғарғы бөліктерінде мұндай жасушалар аз болады, сондықтан олардан өсу мүмкіндігі төмен.

Тәжірибелік бөлім

1-қадам. Өсімдіктерді дайындап алыңыз. Көк пиязды, филодендронды, хлорофитумды және базилик өсімдігін суық сумен жуыңыз. Шіріген немесе бүлінген бөліктерін кесіп тастаңыз.

2-қадам. Әр өсімдіктен қай бөлігін кесетініңізді анықтап, маркермен белгі қойыңыз:

Көк пияз үшін:

A) Тура тамырдан

B) Тамырдан 2-3 см жоғары

C) Тамырдан 7-8 см жоғары

D) Тамырдан 10 см жоғары

Базилик үшін:

A) Жоғарғы бөлік

В) Төменгі бөлік

3-қадам. Белгіленген жерлерден дәл кесіңіз. 

4-қадам. Әр өсімдікті жеке-жеке өлшеп, бақылау парағына жазыңыз. Сілтемеге өтіп, бақылау кестесін шығарып алыңыз. Бақылау кестесі

5-қадам. Әр өсімдікті жеке стақанға салыңыз. Барлық өсімдіктерге су мөлшерін бірдей құйыңыз. Су өсімдіктің түбін 0,5-1 см жауып тұратындай болсын.

6-қадам. Өсімдіктерді 1 аптаға қалдырыңыз. Күн сайын судың деңгейін тексеріңіз. Қажет болса, су қосыңыз. 2-3 күн сайын суды толығымен ауыстырыңыз және күнін жазып отырыңыз.

Күн сайын төмендегілерді бақылап кестеге жазып отырыңыз:

  • Түсінің өзгеруі
  • Жаңа бүршіктің пайда болуы
  • Су түсінің өзгеруі
  • Тамырлардың пайда болуы
  • Жалпы өсу ұзындығы (сызғышпен өлшеңіз)

7-қадам. 7-күн соңында әр өсімдіктегі өскіннің жалпы ұзындығын алып, 7-ге бөліңіз:

Формула: орташа өсу = жалпы см / 7 күн

8-қадам (қосымша): Егер кейбір өсімдіктер жақсы өсе бастаса, оларды топыраққа отырғызып әрі қарай өсіруді жалғастыруға болады.

Қорытынды

Бұл жоба арқылы оқушылар өсімдіктің қай бөлігінен жақсы қайта өсетінін анықтады. Олар күн сайын бақылау жүргізіп, нақты мәліметтерді тіркеді және қорытынды жасауға үйренді.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!

– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!