Сипаттамасы: Жұмыс барысында оқушылар этил спиртінің жануын бақылайды, бір атомды спирттерге және көп атомды спирттерге сапалық реакциялар орындайды. Тәжірибелер әртүрлі құрылымды спирттердің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді.
| Ұзақмерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| Спирттер: бір атомды, көп атомды. | Спирттердің жіктелуі және химиялық қасиеттері. | 10.4.2.19 — спирттерді функционалдық топтың орналасуына және гидроксил топтарының санына байланысты жіктеу;10.4.2.20 — бір және көп атомды спирттерге сапалық реакциялар жүргізу. |
- 70% этил спирті
- Глицерин
- Мыс сульфаты ерітіндісі
- Натрий гидроксиді ерітіндісі
- Су
- Фарфор тостаған
- Сіріңке
- Мыс теңге
- Пинцет
