Сабақ
Жұмыстың мақсаты:
- Қарапайым материалдардан ДНҚ моделін жасау.
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Тапсырма 3-4 адамнан тұратын топтарда орындалады
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:
Теориялық бөлім
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – тірі организмдердің тұқым қуалау ақпаратын сақтайтын маңызды биополимер. Оның негізгі құрылымы – қос спираль, бұл модельді 1953 жылы Джеймс Уотсон мен Фрэнсис Крик ұсынған.

ДНҚ-ның құрылымдық бірлігі – нуклеотид. Әрбір нуклеотид үш бөліктен тұрады:
- дезоксирибоза (қант молекуласы),
- фосфат тобы,
- азотты негіздердің бірі: аденин (A), тимин (T), гуанин (G) немесе цитозин (C).
Азотты негіздер өзара комплементарлық ереже бойынша жұптасады:
- аденин тек тиминмен (A–T),
- ал гуанин цитозинмен (G–C) байланысады.
Осы негіздік жұптар «сатының баспалдағына» ұқсайды, ал қант пен фосфат молекулалары «қоршауларды» құрайды. Спираль бойымен бұралу нәтижесінде ДНҚ-ға тән ерекше құрылым қалыптасады.

Практикалық бөлім
1-қадам. Сызғышпен 2,5 см қашықтық өлшеп, таяқшалар орналастырылатын жерлерді белгілеңіз.

2-қадам. 16 дана балмұздақ таяқшасын алып, қарындашпен ортасын белгілеңіз.

3-қадам. Әрбір азотты негізді бөлек түске бояңыз:
- Аденин – қызыл
- Тимин – көк
- Цитозин – жасыл
- Гуанин – сары

4-қадам. Ақ ермексаздан ірі шарлар жасап, дезоксирибоза молекулаларын дайындаңыз (шамамен 30 дана).

5-қадам. Басқа түсті ермексаздан кішірек шарлар жасап, фосфат топтарын құрастырыңыз (шамамен 28 дана).

6-қадам. Дайын бөліктерді кептіріп, ақ шарларды боялған таяқшалардың екі жағына бекітіңіз.


7-қадам. Фосфат топтарын жалғау үшін тіс тазалағыштарды екіге бөліңіз.

8-қадам. ДНҚ моделін құрастыруды бастаңыз: таяқшаларды өзекке бірінен кейін бірі аздап бұрылып тұратындай етіп жабыстырыңыз, нәтижесінде қос спираль пішіні шығады.


9-қадам. Фосфат топтарын дезоксирибозамен тіс тазалағыштар арқылы суреттегідей етіп жалғаңыз: бір фосфат тобы екі қант молекуласын байланыстырады.


10-қадам. ДНҚ моделі дайын! Оған тұғыр жасау үшін А4 көлемді пенопласт алыңыз да, дәл ортасынан тесік жасаңыз.


11-қадам. Бетіне картон қағаз жапсырыңыз.


12-қадам. Барлығы дайын!

13-қадам. Қажет болса, бөліктерге шартты белгі қойыңыз.

Қорытынды
Бұл жұмыста оқушылар ДНҚ молекуласының моделін жасап, оның негізгі элементтері мен комплементарлық қағидасымен танысты. Жұмыс барысында білімдерін бекітіп, топтық жұмыстағы дағдыларын дамытты, шығармашылық тәсілді қолданды және пәнаралық байланыстарды пайдаланды.
