Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Табиғи ресурстардың қолданылу мақсатын анықтау

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жоба басталмас бұрын экосистема ұғымы мен оның негізгі бөліктерін (өсімдік, жануар, су, ауа, топырақ) түсіндіріңіз.

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Әр топ өз экосистемасын (орман, көл, шалғын, шөл және т.б.) жасай алады.

Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.

Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Экожүйе — бұл тірі ағзалар (өсімдіктер, жануарлар, адам) мен оларды қоршаған орта (су, ауа, топырақ, жарық, күн энергиясы) арасындағы өзара байланыс жүйесі. 

Әрбір элементтің маңызы бар:

  • Өсімдіктер оттегін бөліп шығарады, жануарлар мен адамдарға қорек болады.
  • Су — тіршіліктің негізгі көзі. Онсыз ешбір ағза өмір сүре алмайды.
  • Топырақ өсімдіктерге қорек береді.
  • Жануарлар өсімдіктерді қорек етеді, ал өздері басқа жануарларға қорек болады.
  • Адам да экожүйеден оттегі, су, азық-түлік, ағаш, пайдалы қазбалар алады.

Табиғаттағы осы тепе-теңдік бұзылса, экожүйе әлсірейді. Мысалы, судың ластануы өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан экожүйені қорғау — адамзаттың басты міндеттерінің бірі.

Тәжірибелік бөлім

1-қадам. Контейнерлердің бір жақ қырларын қайшымен қиып алып тастаңыз. 

2-қадам. Контейнерлерді үлкен бір контейнер шығатындай етіп ыстық желіммен желімдеңіз.

3-қадам. Контейнерді ортасынан жоғары топырақпен толтырыңыз.

4-қадам. Балмұздақ таяқшасының біреуін ортасынан бөліңіз.

5-қадам. Төрт таяқшаны қатар қойып, екі жақ шетіне жарты таяқшаларды ыстық желіммен желімдеңіз.

6-қадам. Ағаш таяқшаны ұзындығы 4 см болатын 4 таяқша кесіңіз. Оны үстелдің аяғы етіп желімдеңіз.

7-қадам. Үстелді контейнердің бір шетіне қойыңыз. Алдына тастардан жол жасаңыз.

8-қадам. Үстел қасына соусницаны топыраққа кіргізіп қойыңыз. Ішіне су құйыңыз.

9-қадам. Жолдың айналасына мүкті орналастырыңыз. Өзіңіз таңдап алып келген өсімдік түрлерін де топыраққа орналастырыңыз.

Дайын!

Су сепкішпен өсімдіктер мен мүкке су шашыңыз. Өсімдіктерді осылай суарып тұрсаңыз болады. 

Қорытынды

Оқушылар экосистема макетін жасау арқылы табиғаттағы ресурстардың қалай байланысатынын өз көзімен көреді. Олар судың, өсімдіктің, топырақтың маңызын түсінеді. Жоба соңында экосистеманың тепе-теңдігін сақтау үшін адамдардың жауапкершілігі зор екенін ұғынады.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!

– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!