Сабақ
Жұмыстың мақсаты
- элементті (қарапайым зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну;
- таза зат бірдей атомдардан немесе молекулалардан тұратынын білу;
- ұғымдарды ажырату: элемент (қарапайым зат), қоспа және қосылыс;
- қоспаның құрамындағы бейтаныс заттарды тану үшін элементтердің және қосылыстардың физикалық қасиеттері туралы білімді қолдану
Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Зертханалық тәжірибенің практикалық бөлімін бастамас бұрын оқушыларды қауіпсіздік техникасымен және зертханалық ыдыстармен таныстырыңыз
- Оқушыларды зертханалық жұмыстың теориялық және практикалық бөлігімен таныстырыңыз
- Оқушыларға тәжірибе жүргізу үшін барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және көрсетіңіз
- Оқушылар зертханалық жұмыстарға арналған дәптерлерді (журналдар, қағаз парақтары) алдын ала дайындауы керек. Оқушылар деректерді, зерттеу нәтижелерін және бақылауларын жазады (оқу жылына бір дәптер ұсынылады)
Зертханалық жұмыс туралы есеп
Зертханалық жұмысты орындау кезінде әр оқушы жұмыс туралы есеп жазады. Жазбалар жұмысты, қолданылатын құрылғылар мен реактивтерді қысқаша және қисынды сипаттайтындай етіп жүргізілуі керек. Есепте мыналар көрсетілуі керек.
- Жұмыстың атауы және оны орындау күні.
- Жалпы жұмыстың және әрбір жеке тәжірибенің мақсаты.
- Қолданылған құрылғы схемасы және оның сипаттамасы (бар болса).
- Жұмысты орындау тәртібі (жұмыс барысы).
- Тәжірибе кезіндегі Химиялық реакциялар.
- Тәжірибелік деректер жазылған кесте.
- Қажет болған жағдайда есептеулер мен графиктер.
- Қорытындылар.
Әр оқушының зертханалық жұмыстарға арналған журналы (дәптері) болуы ұсынылады.
Қажет болса, мұғалім әр сабақта оқушыларға зертханалық тәжірибелер туралы есепті сілтеме бойынша өтіп, басып шығара алады
Жұмыс парағы:
Теориялық бөлім
Заттардың қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру
Химия пәні – заттарды, олардың қасиеттерін, түрленуі мен қолданылуын зерттейді.
Сонымен, заттың не екенін қарастырайық?
Заттар дегеніміз – бұл физикалық денелер, яғни бізді қоршаған заттар.
Бұл сабақта біз заттың екі түрін қарастырамыз,
- таза заттар
- қоспалар
Таза заттар элементтерден немесе қосылыстардан тұруы мүмкін.
Ал қоспалар – ерітінділер, құймалар және газдардың қоспасынан тұрады. Қоспалар біртекті-гомогенді және әртекті-гетерогенді болып екіге бөлінеді
Қоспаны және таза затты қалай ажыратуға болады?
Тұрақты физикалық қасиеттері бар заттар таза деп аталады.
Таза заттарға периодтық жүйенің жеке элементтерінен тұратын заттар жатады. Мысалы, алтын, күкірт, күміс және т. б.
Немесе 2 немесе одан да көп элементтерден тұратын химиялық қосылыстардан, мысалы, көмірқышқыл газы, су және т. б.
Қоспа – бұл екі немесе бірнеше түрлі заттарды араластыру нәтижесі. Және қоспалардың құрамы тұрақсыз. Бұнда әр зат өзінің қасиетін сақтайды.
Бірнеше мысалды қарастырайық:
– ауа – бұл азот, оттегі, инертті газдар, көмірқышқыл газы және т. б. тұратын бірнеше газдардың біртекті (яғни гомогенді) қоспасы.
– егер сіз құмды алтынның бөлшектерімен араластырсаңыз, онда бұл алтын мен кремний диоксидінің әртекті (яғни гетерогенді) қоспасы болады
Практикалық бөлім
1-қадам. Заттардың үлгілерін дайындаңыз. Суретте көрсетілген заттармен танысыңыз.
- қант немесе тұз
- май
- темір (темір шегелер)
- мыс (мыс сымы)
- бор

2-қадам. Әр затты сипаттаңыз: түсі, агрегаттық күйі, тығыздығы, иісі және т. б.





3-қадам. Содан кейін жартылай су құйылған химиялық стакандарды дайындаңыз.

4-қадам. Дайындалған заттардың үлгілерін суға салыңыз. Араластырыңыз. Не байқадыңыз?


5-қадам. Бақылауларыңызды кестеге жазыңыз.
Әрі қарай өзгерістерді бақылаймыз.
– Тұз суда толығымен ериді, ерітіндіге айналады, яғни біртекті қоспа пайда болады. Тұз Судан ауыр.

– Темір өзінің қасиеттерін өзгертпейді

– Мыстың да қасиеттері өзгермейді.

– Бор суда аз ериді және тұнба түзеді, судың түсін өзгертеді. Гетерогенді қоспа пайда болды. Бор Судан ауыр.

– Сумен май біртекті емес, яғни гетерогенді қоспаны құрайды. Майдың тығыздығы судың тығыздығынан аз, сол себепті май су бетінде қалады.

| Сипаттамасы | Қант не тұз | Темір | Мыс | Май | Бор не әк |
| Құрамы | |||||
| Физическалық қасиеті:– Агрегаттық күйі– Түсі– Тығыздығы– Суда ерігіштігі | |||||
| Сумен қоспаның немесе ерітінділердің сипаттамасы (біртекті немесе әртекті) | |||||
| Қоспаның (немесе ерітіндінің)агрегаттық күйі | |||||
| Бөлу әдісі |
Жұмыс кітабына қорытынды жасаңыз:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қорытынды
Бұл зертханалық жұмыста оқушылар таза заттармен және қоспалармен танысты. Сондай-ақ таза заттар мен олардың қосылыстарын салыстырды.
