Сабақ
Жұмыстың мақсаты:
- физикалық және химиялық факторлардың өсімдік ұлпаларындағы каталаза ферментінің белсенділігіне әсерін анықтау.
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Тапсырма 3-4 адамнан тұратын топтарда орындалады
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:
Теориялық бөлім
Ферменттер — табиғаты белок болып табылатын биологиялық катализаторлар. Олар химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын арттырады және өздері реакция барысында жұмсалмайды.
Каталаза — тірі жасушалардың барлығында дерлік кездесетін фермент. Оның негізгі қызметі — улы сутегі асқын тотығын су мен оттекке дейін ыдырату:
2H2O2→2H2O+O2↑
Фермент белсенділігі қоршаған орта жағдайларына байланысты: температураға, рН мәніне және белок құрылымын өзгертетін заттардың болуына тәуелді.
- Температураның көтерілуі (40 °C-тен жоғары) ферменттің денатурациясына және белсенділігінің төмендеуіне әкеледі.
- Беттік-белсенді заттар (сұйық сабын) ферменттің құрылымын өзгертеді және белсенділігін төмендетеді.
- Ауыр металдардың тұздары (мысалы, CuSO₄) ферменттің белсенді орталығымен байланысып, оның қызметін тежейді.
Практикалық бөлім
1-қадам. Шикі картопты үккіштен өткізіп, ұсақтаңыз. Таза ыдысқа картоп сөлін сығыңыз.


2-қадам. Алынған сөлді сумен 1:1 қатынасында сұйылтыңыз.


3-қадам. 4 сынауық дайындап, оларды нөмірлеңіз. Сұйылтылған сөлді тең мөлшерде бөліп құйыңыз.

4-қадам.
- №1 сынауық — бақылау үлгісі (өзгеріссіз).
- №2 сынауық — қыздырылған: су моншасына 1–2 минутқа салып, кейін салқындатыңыз.
- №3 сынауық — 1–2 тамшы сұйық сабын (Fairy) қосыңыз.
- №4 сынауық — 1–2 тамшы аз концентрлі мыс (II) сульфатының ерітіндісін (CuSO₄) қосыңыз.


5-қадам. Барлық сынауықтарға бірдей мөлшерде 3% сутегі асқын тотығын (H₂O₂) қосыңыз (мысалы, 2 мл немесе 10 тамшы). Абайлап араластырыңыз.

6-қадам. 10 минут өткен соң, реакция нәтижесін бақылаңыз:
- көбік түзілуінің қарқындылығы (күшті / әлсіз / жоқ);
- түсінің өзгеруі;
- 10 минуттан кейін көбік биіктігін (мм) өлшеңіз.
Нәтижелерді жұмыс парағына жазыңыз.




Қорытынды
Бұл жұмыста оқушылар каталаза ферментінің белсенділігі сыртқы жағдайларға тәуелді екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Осылайша, ферменттердің құрылымы бұзылған жағдайда олардың белсенділігі төмендейтінін немесе жойылатынын анықтады.
