Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты 

  • Гидродинамика негіздерін және атмосфералық қысымның сұйықтықтарға әсерін зерттеу.
  • Су ағынын басқаратын жұмыс істейтін механикалық клапан (түйме) құрастыру.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  •  Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
  • Тәжірибені бастамас бұрын оқушылардың газдар (ауа) мен сұйықтықтардың қасиеттері, бөлшектердің қозғалысы туралы негізгі түсініктері бар екеніне көз жеткізіңіз. 
  • Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
  • Құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері .pdf

  •  Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Төңкерілген бөтелкенің сыры және қысым 

Неліктен төңкерілген бөтелкедегі су бірден төгіліп қалмайды? Мұның сыры атмосфералық қысым мен трубочкаларда жатыр. Біздің құрылғыда бір ұзын трубочка ең жоғарыға (төңкерілген бөтелкенің түбіне) дейін барады — ол ауа кіргізу үшін қызмет етеді. Екінші (қысқа) трубочка арқылы су аққан кезде, бөтелкенің ішінде вакуум пайда болады. Су одан әрі ағуы үшін ішке ауа кіруі қажет.

Түйме механизмі: суды қалай басқарамыз? 

Біз қысылған шланг принципін қолданамыз. Су ағатын екінші трубочка картон корпустың ішінде бүгіледі. Стержень мен екінші қақпақтың көмегімен біз түйме (кнопка) жасаймыз. Түйме бастапқы қалыпта тұрғанда, стержень жұмсақ трубочканы қысып тұрады, сөйтіп су тоқтайды. Түймені басқанда немесе тартқанда, трубочка жазылып, судың жолы ашылады да, ол стақанға құйылады!

 Тәжірибелік бөлім

Қадам 1. 10*10 см картонның үш жағына 10*15 см тікбұрыштарды ыстық желіммен біріктіріңіз. 

Қадам 2. Бөтелке қақпағына түтікшелердің өлшеміне сәйкес екі тесік жасаңыз. 

Қадам 3. 10*10 см картонның екіншісіне қақпақты қойып, сонымен бірдей болатын екі тесік жасаңыз. 

Қадам 4. Қақпақ пен картонды желімдеңіз.

Қадам 5. Екі түтікшені тесіктерге кіргізіңіз.

Қадам 6. 10*15 см картонға түтікшелердің орналасуын есептеп, екі тесік жасаңыз. 

Қадам 7. Стаканның түбін кесіп алыңыз. Оған да түтікше сиятындай тесік жасаңыз.

Қадам 8. 0,3 бөтелкенің бас жағын кесіп алыңыз. 

Қадам 9. Бөтелкенің басын стаканның түбіне желімдеңіз. 

Қадам 10. Сосын оларды 10*15 см картонның үстіңгі тесігіне туралап желімдеңіз. 

Қадам 11. Түтікшелердің екінші ұштарын картондағы тесіктерге кіргізіңіз. Артық ауа кірмес үшін тесіктерді екі жағынан ыстық желіммен өте мұқият герметикалық түрде желімдеңіз. 

Қадам 12. Қорапты толық құрап желімдеңіз. 

Қадам 13. Су ағатын түтікшенің жоғары жағын кесіп тастаңыз. 

Қадам 14. Бөтелкенің бас жағынан шығып тұрған түстікшенің артық бөлігін кесіп тастаңыз. Қақпақпен жабыңыз.

Қадам 15. Бөтелкеге су құйып, қақпақты мықтап бұрап жабыңыз және бөтелкені абайлап төңкеріңіз. 

Қадам 16. Механизмді сынау: қақпақты бұраңыз. Қақпақ босағанда су ыдысқа құйылуы керек. 

Қорытынды

Бұл тәжірибе барысында біз қарапайым материалдардан жұмыс істейтін су диспенсерін сәтті құрастырдық. Тәжірибе көрсеткендей, сұйықтықтар мен газдардағы бөлшектердің қозғалысы атмосфералық қысымды тудырады және оны басқаруға болады. Ауаның қысымын (қақпақты ашып-жабу арқылы) өзгерте отырып, біз судың ағынын бақылай алдық. Бұл физика заңдарының күнделікті өмірдегі тұрмыстық техникаларда (мысалы, шынайы су кулерлерінде) қалай қолданылатынын көрсетеді. 

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

— Сіз атмосфералық қысым мен ауаның сұйықтықтарды қалай басқаратынын түсіндіңіз, Сіз — Физик-экспериментаторсыз!

Сіз стержень мен трубочкадан жұмыс істейтін клапан механизмін жинадыңыз, Сіз — Инженер-конструкторсыз!

Бағалау

5-11 сыныптарға арналған PBL айдарлары.pdf