сабақ1
Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Жазық фигураның массалар центрін анықтау
Жұмыстың мақсаты:
- Тәжірибе арқылы дененің массалар центрін анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
- Егерде денені массалар центріне тіреп қоятын болса, онда ол дене тепе теңдік күйін сақтайды.
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:
Теориялық бөлім
Массалар центрі — геометриялық нүкте, оның орналасу орны денедегі массалардың таралуын сипаттайды.
Дереккөздер:
- Денелердің массалар центрі. (2017). Физика. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.
Практикалық бөлім
Ілгіш мен штатив.
Осы зертханалық жұмыс үшін біз ілгіш қажет етеміз, оны қолжетімді материалдардан жасауға болады. Ол үшін біз жіп пен тіреуіш қажет етеміз.
1-қадам.
Жіптен он см кесіп, оның ұштарын байлап қойыңыз. Байланған жіпті түйреуішке қадап қойыңыз. Ілгіш дайын!

2-қадам.
Жазық фигураны штативке тіреу үшін, штативке кішкентай картон бөлігін ыстық желім арқылы жапсыру керек. Сонда, штативке түйреуіш тіреле алады. Түйреуіш арқылы фигура мен ілгішті штативке тіреп қоюға болады.

Енді тәжірибені бастауға болады.
Тәжірибе 1. Жазық фигураның массалар центрін анықтау.
Жұмыс барысы:
Осы тәжірибеде біз штатив, ілгіш, тіреуіш, жазық картон фигура, қарындаш, сызғыш қажет етеміз.

1-қадам.
Фигураны алып, оның үш бағытта шеттерінде үш нүкте белгілеп, тесіп қоямыз. Тесіктер түйреуіштен жуан болу керек.

2-қадам.
Фигураны штативке түйреуіш арқылы ілгішпен бірге белгіленген нүктеде ілеміз.

3-қадам. Қарындашпен фигурада жіп бойымен екі нүкте белгілеп алыңыз үстіңгі және астыңғы жағында. Фигураны штативтен алып, осы нүктелер арқылы түзу сызып қойыңыз.
4-қадам.
Екінші мен үшінші қадамдарды қайталай отырып, басқа нүктелерге түзулерді сызып қойыңыз.

5-қадам. Үш түзу бір нүктеде қиылысу керек. Бұл нүкте массалар центрі деп аталады. Оны О әрпімен белгілеуге болады.
6-қадам.
Тәжірибе қатесіз өткенің тексеріп көріңіз. Фигураны алып оны горизонталды түрде О нүктесіне тіреуіштің ұшына бекітіп қойыңыз, егер де фигура тепе теңдік сақтайтын болса, онда бәрі дұрыс жасалынды. Қорытынды жасаңыз.

Зерттеу бөлімі
Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:
- Массалар центрі деген не?
- Массалар центрін тәжірибе арқылы қалай анықтауға болады?
Қорытынды
Жазық фигураны массалар центрі арқылы тіреп қойсаңыз, ол тепе теңдікте қалады.
