Жұмыс тралы ақпарат:
Осы зертханалық жұмыс барысында оқушылар тәжірибе арқылы дененің сұйықтықта жүзу шартын анықтап үйренеді. Сонымен қатар дене сұйықтық бетінде қалқып жүрген кезде, денеге әсер ететін ауырлық күші мен Архимед күшін салыстырады.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
| Қысым | Зертханалық жұмыс № 7. Денелердің жүзу шартын анықтау | Тәжірибе арқылы дененің сұйықтықта жүзу шартын анықтау; Дене сұйықтықтың бетінде жүзген кезде ауырлық күші мен Архимед күшін салыстыру. |
• Мензурка
• Динамометр
• Пробирка
• Майлық
• Ыдыс пен су
