Химиялық теңдеулерді теңестіру

Balancing Chemical Equations by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жобаның атауы: Химиялық теңдеулерді теңестіру

Бұл виртуалды зертхана химия сабақтарында келесі тақырыптар бойынша пайдалануға арналған:

  • 8 сынып. ІІ тарау. «Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері»

Мақсаттар:

  • теңестірілген химиялық теңдеу ұғымын түсіну.
  • химиялық теңдеулерді теңестіруге жаттығу.

Тәжірибелік бөлім

video
play-rounded-fill

Бұл симуляция химиялық теңдеулерді теңестіруді үйренуге арналған таптырмас құрал болып табылады.

  1. Симуляция екі бөлімнен тұрады:
  • «Introduction»: Бұл бөлім теңестірілген химиялық теңдеудің не екенін түсіндіреді.
  • «Game»: Бұл бөлім химиялық теңдеулерді теңестіру бойынша тапсырмалар қамтиды. 

«Introduction» режимін таңдаңыз.

“Introduction” бөлімі

  1. Бұл бөлімнің төменгі жағында теңестірілмеген теңдеу көрсетілген. Коэффициенттерді (элементтік таңба алдындағы сандар) өзгерткен жағдайда, жоғарыда берілген «Реагенттер» және «Өнімдер»  ұяшықтарында молекулалар бейнеленіп отырады.

3. Сіз теңдеуді дұрыс теңестірген жағдайда, сіздің сәттілікке жеткеніңізді білдіретін смайлик пайда болады. Бұл экранның төменгі жағынан таңдауға болатын әрбір теңдеуде орын алады.

4.Сондай-ақ бұл экранда теңестіру ұғымын көрнекі бейнелейтін бағандар мен таразылар сияқты құралдар бар. 

5. Бөлімді біраз зерттеген соң, теңестірілген теңдеулерге назар аударыңыз. Теңдеудің сол және оң жағында әр элементтің қанша атомы бар екенін қараңыз.

6. Сондай-ақ, жоғарғы жақтағы батырманы басу арқылы ұяшықтардағы молекулаларды жасыруға болады.

“Game” бөлімі

7. Теңестіру дағдыларын жетілдіре отырып, келесі “Ойын” бөліміне ауысыңыз, мұнда сізге үш деңгей беріледі. Әр деңгей алдыңғысына қарағанда күрделі келеді.

8. Қажет болса, орындау уақытын шектеп, дыбыстық эффектілерді өшіруге болады.

9. Әр деңгейде сізге теңестіруге бес кездейсоқ теңдеу беріледі. Деңгейлер бірте-бірте қиындай түседі, сондықтан 1-деңгейден бастап, күрделіге өту ұсынылады. Бірінші деңгейде әр теңдеу үшін тек үш коэффициентті теңестіру қажет. Қиындық деңгейі біртіндеп артады, өйткені жоғары деңгейдегі теңдеулерде екі  реагент мен екі өнім коэффициентін анықтау қажет.

10. Сіз бірінші мүмкіндіктен дұрыс жауап берсеңіз, 2 ұпай аласыз.

11.Егер қателессеңіз, «Show why» түймесін басу арқылы кеңес алуға болады. 

12. Екінші дұрыс әрекет сізге 1 ұпай береді. 

13.Симуляция мүмкіндігінше қарапайым жауапты қабылдайды. Сонымен, егер сіз ең кіші ортақ бірлігі бар сандарды қолдансаңыз (мысалы, 2 және 4, олардың екеуінде де ортақ дәреже 2), сіздің жауабыңыз дұрыс, алайда оны одан әрі жеңілдетуге болады.

14.Қайта қателескен жағдайда ұпайлар берілмейді, бірақ сіз дұрыс жауапты көре аласыз.

15. Жоғарғы жақтағы “Start over” батырмасын басып деңгейді әрқашан қайта бастауға болады. Алайда ол жағдайда сіздің ұпайларыңыз сақталмайды.

16. Енді осы деңгейді аяқтап, қорытынды ұпайымызды көрейік. Есіңізде болсын, сіз неғұрлым көп жаттыққан сайын, соғұрлым біліміңізді арттыра түсесіз, сондықтан өзіңізді сынай беріңіз және басқа деңгейлерге өтіңіз!

Қорытынды

Интерактивті модельдеу оқушылар үшін химиялық реакцияларды теңестіру теңдеулерін жан-жақты зерттеуді қамтамасыз етеді. Нақты түсініктемелер, көрнекі құралдар және қызықты практикалық жаттығулар оқушыларға тақырыпты терең түсінуге және өз дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді.

Терминдер сөздігі

  • chemical equation — химиялық теңдеу
  • make ammonia — аммиак алу реакциясы
  • separate water — судың ыдырау реакциясы
  • combust methane — метанның жану реакциясы
  • balanced — теңестірілген
  • not balanced — теңестірілмеген
  • not simplified — жеңілдетілмеген