1-сабақ

Жұмыстың мақсаты:

  • бактерия өсуінің негізгі принциптерін түсіну.
  • бактерияларды өсірудің асептикалық әдістерін қолдану.
  • бактериялар колониясының өсуін бақылау және талдау.
  • тәжірибелік нәтижелер негізінде қорытынды жасау.

Қауіпсіздік шаралары:

  • Тәжірибе алдында және кейін қолыңызды мұқият жуыңыз.
  • Ыстық сұйықтықтар мен шыны ыдыстарды ұстағанда абай болыңыз.

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Тапсырма 4 адамнан тұратын топтарда орындалады
  • Қоректік ортаны алдын ала дайындау уақыт үнемдейді
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:

Теориялық бөлім

Бактериялардың қасиеттері мен әрекетіне әсер етуі мүмкін әртүрлі формалары кездеседі. Пішінге байланысты бактерияларды келесі топтарға бөлуге болады:

Бактерия формаларыСипаттама
Коккалар-шар тәрізді бактериялар. Олар жалғыз, жұп, тізбек немесе топ күйінде болуы мүмкін. Коккалар көптеген аурулардың, соның ішінде пневмония мен менингиттің қоздырғышы болып табылады.
Стрептококкалар-бұл әдетте тізбек түрінде кездесетін коккалар. Олар стрептококкты тонзиллит, скарлатина және ревматизм сияқты ауруларды тудыратын патогенді болуы мүмкін.
Бациллалар-таяқша тәрізді бактериялар. Олар жалғыз, жұп, тізбек немесе топ болуы мүмкін. Бациллаларға оба, тырысқақ және сібір жарасының қоздырғыштары жатады.
Вибриондар-сәл иілген таяқша тәрізді бактериялар. Олар жалғыз немесе жұп болуы мүмкін. Вибриондар тырысқақ ауруының қоздырғышы болып табылады.
Спириллалар-спираль тәрізді бактериялар. Олар жалғыз немесе жұп болуы мүмкін. Спириллалар мерез бен сібір жарасының қоздырғыштары болып табылады.
Спирохеттер-ұзын, тығыз оралған бактериялар. Олар жалғыз немесе жұп болуы мүмкін. Спирохеттер мерез бен лептоспироздың қоздырғыштары болып табылады.

Практикалық бөлім

1-қадам. Ыдысты сумен толтырып, пешке қойыңыз. Суды қайнатыңыз. Қант пен ет бульонын дайындаңыз.

2-қадам. 1 шай қасық қантты суда ерітіңіз.

3-қадам. Сиыр еті бульонын қосыңыз. Толықтай ерігенше араластырыңыз.

4-қадам. Агар-агар ұнтағын ерітіндіге қосып, толығымен ерігенше араластырыңыз (шамамен 4-5 минут).

5-қадам. Ортаны бірнеше минут суытыңыз. Осы уақытта Петри табақшаларын дайындаңыз. Табақшаларды мүмкіндігінше жабық ұстаңыз.

6-қадам. Стаканда мерзімінен бұрын желе пайда болуын болдырмау үшін дайын ортаны табақшаларға ыстық күйінде құйыңыз. Қолғаппен жұмыс жасаңыз. Артық ластанудан аулақ болуға тырысыңыз, өйткені біздің жағдайымыз стерильдік талаптарға сай емес. Ыстық заттармен жұмыс жасағанда абай болыңыз немесе мұғалімнен қоректік ортаны табақшаларға құюға көмектесуін өтініңіз.Петри табақшаларын мұқият жауып, бөлме температурасында 15-20 минут суытыңыз. Осы уақыт ішінде сұйық орта қаттыға айналады.

7-қадам. Енді үлгілерді жинап, колонияларды өсіру уақыты келді. Бактерияларды жинау қиын емес, өйткені олар барлық жерде кездеседі. Таза мақта таяқшасының көмегімен бактериялар тапқыңыз келетін кез келген жерден – қолыңыздан немесе еденнен, есік тұтқасынан, ұялы телефоннан немесе пернетақтадан үлгілер алыңыз.

8-қадам. Таяқшамен қоректік орта бетінен ақырын зиг-заг күйінде жүріп өтіңіз.

9-қадам. Табақшаларды жауып, пленкамен орап бекітіңіз. Үлгілердің атауын жазыңыз.

10-қадам. Табақшаларды төңкеріп, жылы (37 градус — бактериялардың көбеюі үшін оңтайлы температура) және қараңғы жерде кем дегенде 48 сағатқа қалдырыңыз . Булану барысында қақпақ бетінде түзілген су тамшылары қоректік ортаға түспеуі үшін табақшаларды төкерген күйінде сақтаңыз.