2-сабақ

Өткен сабақта сіз әртүрлі үлгілерден бактерияларды агар-агар өсіру ортасына отырғыздыңыз. Бүгін сіз алынған үлгілердің нәтижелерін бақылай отырып, талдау жасайсыз.

1-қадам. Инкубациядан кейін табақшаларды тексеріңіз. Өзгерістерді бақылаңыз. Қай үлгіде бактериялардың қарқынды өскені анық байқалады? Бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Бактериялардың өсуі қанша уақыттан соң байқалды? Тағы қандай микроорганизмдердің өскенін байқадыңыз? Нәтижелерді басқа оқушылардың жұмысымен салыстырыңыз.

2-қадам. Мүмкіндік болса табақшаларды микроскоп арқылы бақылап көріңіз. Олардың пішініне назар аударыңыз. а-бактерия колониясы, ә-зең саңырауқұлағы (80х); б- бактерия колониясы, в-зең саңырауқұлағы (200х)

А
Ә
Б
В

3-қадам. Жұмыс парағына алынған нәтижелерді енгізіңіз. Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Зертханалық жұмысты орындай отырып, оқушылар бактерия дақылдарын өсіру дағдыларын шыңдады. Агарды дайындау, үлгілерді жинау және колонияларды санау әдістерін меңгеру ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында қолданылатын бактериялардың көбеюі туралы құнды ақпарат берді.