1 апта
Жоба мақсаты
– Құстардың жыл мезгілі өзгеруіне байланысты дейімделуін түсіндіру;
– Құстардың макетін жасау арқылы олардың қалай ұшатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Мұғалімге нұсқаулық
– Әр оқушы жеке жұмыс жасайды;
– Сабақты теориялық бөлімді түсіндірумен бастаңыз;
– Кейін практикалық бөлімді оқушылармен бірге жасаңыздар;
– Сабақтың соңында оқушылар өз жұмысын көрсетіп сабақтан түсінгенін айтып беруге мүмкіндік беру ұсынылады.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Біз көріп жүрген алуан түрлі құстардың арасында жыл құстары және қыстайтын құстар болады. Жыл құстары жыл мезгілдерінің ауысуымен үлкен сапарға дайындалады, ал қыстайтын құстар суық мезгілдің басталуымен осы қиын кезеңді өткізу үшін дайындықты бастайды.

Көктемде жылы күндердің келуімен жыл құстары туған жерлеріне оралады. Бұл уақытта оларды көп жұмыс күтеді. Олар ұялар салады және балапандарын өсіру керек. Әр түрлі құстар көктемнің әртүрлі уақыттарында ұшып келеді, бірақ жыл сайын қалыптасқан бір уақытта келеді.


Жазда құстар өте белсенді және әдеттегі өмір салтын ұстанады. Құстар жазда балапандарды тамақтандырумен және өмірге бейімдеумен, балапандарын күзде ата-аналарымен оңтүстікке бірге кету үшін ұшуға үйретумен айналысады.
Неліктен құстар оңтүстікке ұшады? Өйткені қыста олардың денесі қатты аязға шыдамауы мүмкін, сонымен қатар оларға қыста тамақ жетіспейді. Қоныс аударатын құстар: тырналар, шұңқырлар мен қарлығаштар. Қаздар, торғайлар, көкектер мен аққулар да жылы жерлерге ұшуды жөн көреді.
Бірақ суық күндерге төтеп бере алатын құстар да бар, оларды қыстайтын деп атайды. Мұндай құстарға: қарғалар, кептерлер жатады. Суық күндерде торғайлар, көкшымшық пен боз тоқылдақ та өмір сүре алады.


Қысқа құстар алдын ала дайын болады. Қыста қалатындар құстар қатал жағдайларға дайын болады. Дайындық ретінде тамақ пен тұқым жинап қояды. Кейде қыстың кезінде құлаған шырша бүршіктері мен жаңғақтарды іздеуге шығады.
Құстар да біз секілді жанды табиғатқа жатады. Құстардың пайдасы көп, мысалға тоқылдақ ағашты қорғайды. Оны «орман дәрігері» деп атайды. Қарлығаш егінді қорғайды. Көгершіндер бұрын хат тасыған. Ал олай болса қанекей, өзіміз сол құстарды жасап көрейік.
Қолданылған медиафайлдар
<a href=’https://ru.freepik.com/vectors/winter’>Winter вектор создан(а) freepik – ru.freepik.com</a>
Photo by Vitaly Vlasov: https://www.pexels.com/photo/selective-focus-photography-of-flock-of-gray-pigeons-perched-on-wall-covered-with-snow-1599937/
Photo by Pixabay: https://www.pexels.com/photo/blue-and-brown-bird-on-brown-tree-branch-under-blue-sky-46528/
Photo by Matthias Zomer: https://www.pexels.com/photo/close-up-of-bird-perching-on-plant-325260/
Практикалық бөлім
Қадам 1. Қағазға қалаған құстың суретін салыңыздар, қанатын төмендегі суреттегідей бөлек салыңыз. Түрлі-түсті боялар, фломастер қолданып бояңыз.

Қадам 2. Салынған құсты қиып алаңыз және қанатының қақ ортасынан бірдей болатындай етіп қайырып қойыңыз.

Қадам 3. Қанатын суреттегідей ортасына желім қолданып құстың денесіне жабыстырып, жоғарғы жағын кері қайырыңыз.


Қадам 4. Жіңішке түтікшені суреттегідей етіп ортасынан кішкене ғана қиып алыңыз.


Қадам 5. Осы түтікшенің қиылған жерін құстың денесіне кіргізіп скотчпен екі жағынан бекітіңіз.

Қадам 6. Енді екінші жуан түтікшені алып ортасынан қиып суреттегідей түрге келтіріңіз.


Қадам 7. Жіңішке түтікшеге кіргізіп суреттегідей құстың қанатына скотчпен бкітіңіз.


Дайын, түтікшені төмен жоғары қозғаған кезде құстың қанаты қозғалады.
Әр оқушы жұмыстарын ұсынап өзі жасаған құс түралы айтып берсін. Құстар төрт жыл мезгілінде немен айыналысады, бір жылы қалай өтетіні туралы бүгінгі сабақтан түсінгенін қорытындылап айтып берсін.
Қорытынды
Бұл сабақта оқушылар құстардың жыл мезігілі ауысуына қарай қалай бейімделетінін білді. Құстардың бір жылы қалай өтетінін түсінді. Және де құстардың қанатынң қозғалу механизмін түсініп, қарапайым материалдардан соны жасап көрсетті. Әр оқушы әр түрлі өз қиялдарына шек қоймай жұмыс істеп шығармашылық қабілеттеріне дамуға мүмкіндік берілді. Ал сабақтың соңында жұмыстарын ортаға ұсынып, сөйлеу жасау арқылы презентациялық қабілеттерін дамытты.
Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз құстардың өмірін, олардың қанатының қозғалу принципін зерттедіңіз, Сіз – нағыз биолог ғалымсыз!
– Сіз өз қиялыңыздан керемет әдемі құстарды жасадыңыз, Сіз – шығалмашыл адамсыз!
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png)

