1 апта

Мұғалімге нұсқаулық

– Жеке жұмыс, әр оқушы жеке жұмыс жасайды.
– Теориялық бөлімге шолу жасап, практикалық бөлімге өтіңіз.

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Өсімдіктер мен жануарлар біртұтас тірі табиғаттың бөліктері. Олардың көптеген айырмашылықтары бар, бірақ осы сабақта біз олардың біреуі туралы сөйлесетін боламыз. Ең бастысы айырмашылықтарының бірі – қоректену түрі. Өсімдіктер топырақтан алынған заттармен қоректенеді және күн энергиясын қолдана отырып, олардың өсуі үшін қоректік заттарды өздігінен синтездей алады. Яғни, олар өздері де оттегін жасайды, содан кейін онымен дем алады. Ал жануарлар үшін өсімдіктер азық-түлік базасы болып табылады. Жануарлар да оттегімен дем алады, яғни жануарлар көбіне өсімдіктерге тәуелді. Мысал ретінде бүгін біз жұлдызқұрт пен оның тағамы туралы көбірек білетін боламыз.

Жұлдызқұрт – көбелектің негізі. Ол жұмыртқадан дамиды. Денесі бас бөлімінен және бірнеше кеуде және құрсақ сақиналарынан тұрады. Көптеген құрттардың денесі түктермен, қылшықтармен жабылған. Жұлдызқұрттың төменгі ернінде, ауамен байланысқан кезде, жібек талшығын құрайтын, сұйықтық шығаратын, без орналасқан. Жұлдызқұрттар оны піллә салу, қорғаныс торын жасау, жапырақтарды бекіту және т. б. үшін пайдаланады.

Жұлдызқұрттар даму барысында, қарқынды тамақтанып, қуыршақтарға айналады. Көбісі жапырақтармен, гүлдермен қоректенеді. Жұлдызқұрттар негізінен ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының, бау-бақша мен егіншіліктің зиянкестеріне жатады. Бірақ бақша құмырсқаларының құрттарын жоятын және адамдарға баға жетпес көмек көрсететін жыртқыш түрлері де бар. Сонымен қатар тұт, емен, т.б. жібек көбелектерінің жұлдызқұртының пілләсінен жібек талшықтары алынады. Одан жібек матасын жасайды.

Қолданылған әдебиеттер:
“Қазақ Энциклопедиясы”
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002

Практикалық бөлім

Қадам 1. Алдымен картон қағазды алып, жапырақтың суретін салып қиып аламыз.

Қадам 2. Картоннан ұзын етіп тіктөртбұрыш қиып алып таяқшаны айналдыра дөңгелектейміз.

Қадам 3. Дөңгелекті клеймен бекітеміз, сонан соң жапыраққа жабыстырамыз.

Қадам 4. Шашқа арналған резеңкені қиямыз.

Қадам 5. Жұлдызқұрттың басын жасау үшін резеңкеден кішкене бөлікті кесіп алыңыз.

Қадам 6. Таяқшамыздың басына резеңкенің бір басын клеймен бекітеміз.

Қадам 7. Таяқшаны жапырақтағы түтік арқылы өткізіп, резеңкенің екінші ұшын жапырақшадағы түтікке желіммен бекітеміз.

Қадам 8. Алдын дайындаған жұлдызқұрттың басын резеңкенің жоғарғы жағына жабыстырамыз. Құртқа арналған көзді қағаздан кесіп, басына желімдейміз.

Қадам 9. Қайшының көмегімен жапырақты жұлдызқұрт жеп кеткенге ұқсас етіп, жапырақтан бірнеше кішкентай бөлік киып алыңыз. Сіз Жұлдызқұртты қалауыңыз бойынша безендіре аласыз.

Жұлдызқұртымыз дайын! Таяқшаны алдыға артқа қозғалтып көріңіз.
Жұлдызқұрт денесі қандай?
Жұлдызқұрт немен қоректенеді?
Жұлдызқұрт адамдарға зиян келіреді ма әлде пайдасы да бар ма?

Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM атағына ие болады:

– Сіз жұлдызқұртты өзіңіз зерттеп, өсімдіктер мен жануарлар арасындағы айырмашылықты түсіндірдіңіз, Сіз нағыз ғалым – болашақ биологсыз!
– Сіз өз қолыңызбен керемет әдемі жұлдызқұрт жасадыңыз, Сіз нағыз суретшісіз

Оценивание

Критерий оценивания по PBL:
Project based learning (проектно-ориентированное обучение) – это метод обучения, при котором учащиеся приобретают знания и навыки, работая над одним проектом, для исследования и поиска ответа на подлинный, интересный и сложный вопрос, проблему или вызов.