1-сабақ
Мақсаты:
- халықтың қоныстану заңдылығын анықтауды;
- халықтың қоныстану тығыздығының көрсеткішін бағалауды;
- халықтың тығыздығы жоғары және төмен аймақтарды анықтауды, себебін түсіндіруді үйренеді.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Оқушыларды әр топта 2 оқушыдан болатын етіп бөліңіз.
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:
Жұмыс парағын сілтеме арқылы өтіп жүктеп алыңыз: жұмыс парағы
Практикалық бөлім
Қадам 1. Халық тығыздығын есептеуге өзіңіз тұратын облысты, ҚР 3 республикалық маңызы бар қалаларды алыңыз (егер 3 республикалық маңызы бар қалаларды емес басқа елді-мекендер есептегіңіз келсе таңдау өз еркіңізде, қосымша 3 өңірді алсаңыз болады). Олар жайлы деректерді ғаламтордан (Қазақстан Республикасындағы халықтың саны туралы соңғы ақпаратты Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінің сайтынан білуге болады) ала аласыздар. Сізге керекті деректер сол өңірлердің жер аумағы және халық саны.
Бұл жұмыста сіздерге мысал ретінде Ақмола облысы және ҚР 3 республикалық маңызы бар қалалар көрсетілді.
| Елді-мекен | Жер аумағы, км2 | Халық саны |
| Ақмола облысы | 146 219 | 786 012 |
| Астана қаласы | 797,33 | 1 340 782 |
| Алматы қаласы | 682 | 2 147 113 |
| Шымкент қаласы | 1162,8 | 1 184 113 |
Қадам 2. Компьютерден Microsoft Excel бағдарламасында жаңа файл құрып, ашыңыз. Файлды екі түрлі әдіспен құра аласыз:
- Бірінші әдіс – Бастау мәзіріндегі немесе жұмыс үстеліндегі excel белгішесін басу.
- Екінші әдіс – бос орынды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, мәзірден “Microsoft Excel парағы” тармағын таңдау.

Қадам 3. Excel файлға төмендегідей кесте құрыңыз. Мұндағы:
- № – елді-мекеннің нөмірі;
- A – елді-мекеннің жер аумағы;
- P – халық саны;
- D – халықтың орналасу тығыздығы;
- S1 – 4 елді-мекеннің жалпы жер аумағы;
- S2 – 4 елді-мекендегі халықтың жалпы саны;
- Min – халықтың минималды тығыздығы;
- Max – халықтың максималды тығыздығы.

Қадам 4. Ыңғайлы болу үшін 6 жолдағы B, C, D бағандарын, 7 жолдағы B, C, D бағандарын, 8 жолдағы B, C, D бағандарын және 9 жолдағы B, C, D бағандарын біріктіріңіз. Ол үшін B, C, D бағандарын белгілеп алып, объединить и поместить в центре батырмасын басыңыз.

Қадам 5. Деректерді бағанға сәйкес кестеге енгізіңіз. Мұнда бірінші нөмңрде тұрған елді-мекен – Ақмола облысы, екінші – Астана қаласы, үшінші – Алматы қаласы, төртінші – Шымкент қаласы.

Қадам 6.Халықтың тығызыдығын есептеу үшін халық санын елді-мекен аумағына бөлесіз:
Халықтың тығызыдығы = халық саны / елді-мекен аумағы
Ақмола облысының халық тығыздығын Эксельде есептеу үшін D2 ұяшығына келесі формуланы енгізіңіз: = C2/B2

Қадам 7. Қалған елді-мекендерді есептеу үшін D2 ұяшығын белгілеп, автотолтыру маркерін тінтуірдің сол жақ түймешігімен басып тұрамыз (төменгі оң жақ бұрыштағы квадрат), төмен қарай тартыңыз.
Пайда болған нәтижелер сол елді-мекендегі халықтың тығыздығын білдіреді.

Қадам 8. Енді 4 елді-мекеннің жалпы жер көлемін есептеңіз. Ол үшін S1 ұяшығының жанындағы ұяшыққа барып, “формулы”→ “автосумма”→ “сумма” таңдаңыз және В2:В5 ұяшықтарын белгілеңіз.

Қадам 9. 4 елді-мекеннің жалпы халық санын есептеңіз. Ол үшін S2 ұяшығының жанындағы ұяшыққа барып, “формулы”→ “автосумма”→ “сумма” таңдаңыз және С2:С5 ұяшықтарын белгілеңіз.

Қадам 10. 4 елді-мекеннің ішінде халық тығыздығы минималды елді мекенді табыңыз. Ол үшін Min ұяшығының жанындағы ұяшыққа барып, “формулы”→ “автосумма”→ “минимум” таңдаңыз және D2:D5 ұяшықтарын белгілеңіз.

Қадам 11. 4 елді-мекеннің ішінде халық тығыздығы максималды елді мекенді табыңыз. Ол үшін Min ұяшығының жанындағы ұяшыққа барып, “формулы”→ “автосумма”→ “максимум” таңдаңыз және D2:D5 ұяшықтарын белгілеңіз.

Қадам 12. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыз:
- Халықтың тығыздығы деген не?
- Халықтың тығыздығын есептеу үшін қандай деректер керек?
- Халықтың тығыздығы қандай формула арқылы есептеледі?
- Қай елді-мекендерде халық минималды жіне максималды тығыздықта орналасқан?
Қорытынды
Демография, халықтың орналасуы әрбір мемлекет үшін қашанда маңызды деректер болып саналады. Оны есептей отырып, статистикалық деректер жиналады. Бұл сарамандық жұмысты жасау арқылы оқушылар халықтың тығыздығын есептеуді үйренді. Жаратылыстану пәнінен білімін арттырумен қатар, информатика пәнінен де білімін жетілдірді.
