1-сабақ

Жұмыстың мақсаты:

— тәжірибе арқылы майларды эмульгациялау үдерісімен танысу

Тәжірибе ұзақтығы: минут

Күтілетін нәтижелер

Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:

  • Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
  •  алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
  •  өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
  • майлардың эмульгациялану процесін зерттеуде практикалық дағдыларға ие болады

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:

Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:

Теориялық бөлім

Өт – адам ағзасындағы ең үлкен без – бауырдың секрециясы. Адам ағзасында тәулігіне 700-800 г өт түзіліп отырады. Ол өт қабында жиналып, қажет кезде ас қорытуға қатысу үшін ішекке түседі. Өт құрамына: су (97-98%), өт қышқылдары (67%), өт пигменті – билирубин (0,3%), холестерин (4%) кіреді.

Өттің негізгі қызметтерінің бірі – майларды эмульгациялау. Эмульгация – бұл ірі май тамшыларын ұсақ бөлшектерге ыдырату процесі. Өт ішектегі майлармен жанасқанда өт қышқылдары мен фосфолипидтер мицелла деп аталатын ұсақ тамшылар түзеді. Мицеллалар майларды өз құрылымына қосып эмульсия түзеді. Эмульсия – бұл май мен судың қоспасы, онда май өте ұсақ бөлшектерге ыдырайды және суда біркелкі таралады. Осылайша, өт әсерінен пайда болған эмульсия майдың беттік таралу ауданын ұлғайтады, бұл оның одан әрі қорытылуын жеңілдетеді. Бұған себеп май ерітуші липаза ферменттері майдың ұсақ тамшыларын оңай ыдыратады. Ас қорыту ферменттері майларды қарапайым компоненттерге ыдыратады, содан кейін олар ағзаға жеңіл сіңіріледі.

Практикалық бөлім

Ағзада түзілетін өт қышқылынан бөлек, май ыдыратушы эмульгаторларға ақуыз, сабын ерітіндісі, сілті ерітіндісі жатады. Тәжірибе жүзінде осы заттардың тиімділігін анықтайық.

1-қадам. Сынауық тұрғысына 5 сынауық орнатып, нөмірлейміз.Тамшуыр көмегімен әр сынауыққа 2 тамшы өсімдік майы мен 1 мл су құямыз.

2-қадам. Әр сынауыққа 5 тамшыдан кезекпен эмульгаторлар құямыз: 

№1-сілті ерітіндісі

№2-өт сұйықтығы

№3-сабын ерітіндісі

№4-ақуыз ерітіндісі

№5-су

3-қадам. 1 минут бойы сынауықтарды ерітінділер араласқанша, шайқаңыз. 

Қандай өзгерістер пайда болды?

4-қадам. 5 минуттан соң эмульсия тұрақтылығын бақылаңыз. Ұлғайтқыш әйнекті пайдаланып, май тамшыларын бақылаңыз. Олардың көлеміне мән беріңіз.

5-қадам. Алынған нәтижелерді кестеге енгізіңіз.



Эмульгатор атауы

Байқалған өзгерістер

Шайқаған соң

5 минуттан соң
1Сілті
2Өт сұйықтығы
3Сабынды су
4Ақуыз ерітіндісі
5Су

6-қадам. Қорытынды жасай отырып, мына сұрақтардың жауабын дәптеріңізге жазыңыз:

  • Қай сынауықта май тамшылары ұсақ, ал қайсысында ірілеу болды?
  • Тәжірибеге сүйенсек, қай эмульгатормен едәуір тұрақты эмульсия түзіледі?
  • Тәжірибені қорытындылай отырып, өттің ас қорыту үдерісіндегі рөлін сипаттаңыз.

Қорытынды

Бұл зертханалық жұмыста оқушылар ағзада өт қышқылының маңызын және қызметін түсінді. Сонымен қатар, майлардың эмульгациялану процесін зерттеуде практикалық дағдыларға ие болды. Алған жаңа білімдер мен дағдылары алдағы сабақтарда қолданыс табатынына сенімдіміз.