1-сабақ

Жұмыстың мақсаты:

  • гербарий жасау және сақтау ережелерін меңгеру;
  • аймақтағы сирек өсімдіктерді, сондай-ақ ботаникалық коллекцияларға жарамды өсімдіктерді зерттеу;
  • гербарий құрастыруды, өз өлкеміздің өсімдіктерін жіктеуді және анықтауды үйрену.

Күтілетін нәтижелер

Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:

  • Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
  • алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
  • өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3-4 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

Барлық тірі организмдердің, соның ішінде өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың және микробтардың өздерінің ғылыми атаулары бар. Мысалы,

  • Жолбарыстың ғылыми атауы — Panthera tigris. Бұл жерде «Panthera» туысты, ал «tigris» нақты түрді білдіреді.
  • Адамның ғылыми атауы homo sapiens деп берілген. Бұл жерде  «homo» туысты, ал «sapiens» нақты түрді білдіреді.
  • Бақша қызғалдағының ғылыми атауы Tulipa gesneriana деп берілген. Бұл жерде  «Tulipa» туысты, ал «gesneriana» нақты түрді білдіреді.

Бүкіл дүние жүзіндегі биологтар ағзаларды атауда бірдей принциптерді ұстанады. Дүние жүзіндегі биологтармен келісілген екі халықаралық атау беру протоколының кодексі бар:

  • Халықаралық ботаникалық номенклатура кодексі (ICBN) – өсімдіктердің биологиялық номенклатурасымен айналысады.
  • Халықаралық зоологиялық номенклатура кодексі (ICZN) – жануарлардың биологиялық номенклатурасымен айналысады.

Бинарлы номенклатураның негізгі ережелеріне мыналар жатады:

  1. Ағзалардың барлық ғылыми атаулары латын тілінде беріледі. Сондықтан олар курсивпен жазылады.
  2. Әр түрдің атауы екі бөлімнен тұрады. Бірінші сөз туысты, екінші сөз түрді білдіреді.
  3. Туыс атауы бас әріптен, ал түр атауы кіші әріптен басталады.

Дереккөздер:

  1. Binomial Nomenclature — Rules of Binomial Nomenclature (byjus.com)

Практикалық бөлім

1-қадам. Ең алдымен бізге әртүрлі өсімдіктердің тұқымдары мен жемістері қажет.  Оқушылар өз аймағында кездескен өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін жинап қолданады. Бұл тәжірибелік жұмыста Астана қаласының президенттік саябағынан жиналған кеппешөп үлгілері қолданылды және толықтырылды.

2-қадам. Гербарий негізі ретінде екі А4 картон қағаз немесе А3 өлшемінде гофрокартон пайдаланамыз. Картон айналасына әсемдік үшін оқшаулағыш таспамен жақтау (рама) жасаймыз.

3-қадам. Кезекпен кеппешөп үлгілерін ПВА желіммен картонға жабыстырамыз. Әр үлгі астына өсімдік атауын жабыстыруға орын қалдырамыз.

4-қадам. Ендігі кезекте өсімдіктің түрін анықтауға тырысып көріңіздер. Бинарлы номенклатураны қолдана отырып әр үлгінің ұсақ ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Мысалы: жапырақ типтері, олардың орналасуы, жемісінің типі, гүлшоғырының типі (егер болса). Жиналған үлгілерді анықтау үшін анықтауыштарды, кітаптарды немесе онлайн ресурстарды пайдалана отырып, өсімдіктің қандай туысқа және түрге жататынын анықтаңыздар. Сілтеме арқылы өтіп, онлайн анықтауышты пайдалана аласыз: Определение растения — Плантариум (plantarium.ru)

5-қадам. PictureThis мобильді қосымшасын пайдалана отырып, өз жауаптарыңыздың дұрыс екендігіне көз жеткізіңіздер. Қосымшаны AppStore немесе Playmarket қосымшалар дүкенінен жүктеп ала аласыз.

6-қадам. Түр атауларын әр үлгі астына жабыстырыңыз.

7-қадам. Сіздің гербарий дайын!

8-қадам. Жұмыс парағына пайдаланған өсімдіктеріңіздің бинарлы номенклатура бойынша атауларын жазып, оларға қысқаша сипаттама беріңіз:

  • Кәдімгі қарағай — Сосна обыкновенная — Pinus sylvestris
  • Шағанжапырақты үйеңкі — Клен ясенелистный — Acer negundo
  • Кәріптас ағашы — Ликвидамбар смолоносный — Liquidambar styraciflua
  • Пенсильваниялық шаған- Ясень пенсильванский — Fraxinus pennsylvania
  • Сүйелді қайың — Береза повислая — Betul pendula
  • Кәдімгі емен — Дуб обыкновенный — Quercus robur
  • Кәдімгі шетен — Рябина обыкновенная — Sorbus aucuparia
  • Итшомырт шырғанағы — Крушина слабительная — Rhamnus cathartica
  • Бұйра қымыздық — Щавель курчавый — Rumex crispus

Қорытынды

Бұл тәжірибе арқылы оқушылар жергілікті флораның әртүрлілігімен танысып, анықтауыштарды пайдалану және деректер жинау дағдыларын дамытты. Сондай-ақ өз аймағының табиғаты мен экожүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.