1-сабақ
Мұғалімге нұсқаулық
– Бұл жобаны оқушылар жүппен немесе топпен орындайды;
– Алдымен оқушылар файлға суреттер салуы керек;
– Кейін суреттерді жарықтандыру үшін қағаздан шам жасау керек.
Жоба мақсаты
– Жасанды жарық көздерін ажырата білу;
– Жасанды жарық көздерінің маңызын түсіну.
Теориялық бөлім
Жасанды жарық көздері бізге жайлы өмір сүру үшін қажет. Жасанды жарық көздерін адамдар ойлап тапты. Ежелгі заманнан бері адамдар жарық алу үшін от жағып, алау жасады. Содан кейін балауыз шамдар, май шамдары қолданылды. Қазір электр қуаты бар және біз бұл жарық көздерінсіз өмірді елестете алмаймыз. Көшелердегі жарық қауіпсіздік үшін қажет. Сондай-ақ, ойын-сауық пен безендіру үшін біз жасанды жарық көздерін қолданамыз. Мысалы, маяк, қол шамы, бағдаршам, автомобиль шамдары, үйдің аспалы шамдары және т. б.

Практикалық бөлім
Сабақтың практикалық бөлімінде біз күнделікті өмірде қажет болатын жасанды жарықтандыру көзі – фонарьды жасаймыз. Бірақ бұл қарапайым шам емес. Біз оны қағаздан жасаймыз және біз ойлап тапқан әлемді жарықтандырамыз. Бұл сабақта біз ойдан шығарылған әлемнің кеңістігін жасаймыз. Келесі аптада біз шамды жасап және оны қолданып жарық беріп көреміз.
1. Кеңсе файлын алып, бір жағын қиып қойыңыз.

2. Ішіне ақ қағазды салыңыз.

3. Кеңсе файылының бетіне фломастермен кез-келген сурет салыңыз. Бұл су астындағы әлем, ғарыш, табиғат немесе сіздің үйіңіз болуы мүмкін.

4. Содан кейін файлдың ішіне қара қағазды салыңыз.


Дайын. Енді біздің салынған әлемде қараңғы болып тұр, енді жарықтандыру үшін біз шам жасаймыз. Сіз файлдың артқы жағына қиялыңызға сәйкес тағы бір сурет сала аласыз.
5. Ақ қағазға шамның суретін салыңыз.
6. Қиып алыңыз.


7. Енді пайдалануға болады. Файл ішіндегі шамды жылжытып көріңіз, нағыз шам біздің жолымызды жарықтандырған сияқт, ол сіздің суретіңізді жарықтандырады.

Қорытынды
Бұл жобада оқушылар жасанды жарық көздері туралы білді. Олар сиқырлы шам жасап, қараңғыда жасанды жарық көздерінің қаншалықты маңызды екенін көрді.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.


Қолданылған медиафайлдар:
<a href=’https://ru.freepik.com/vectors/background’>Background вектор создан(а) rocketpixel – ru.freepik.com</a>
<a href=’https://ru.freepik.com/vectors/background’>Background вектор создан(а) upklyak – ru.freepik.com</a>
