1-сабақ

Мұғалімге нұсқаулық

– Оқушыларды топқа бөліңіз;
– Сабақтың теориялық бөлімімен таныстырыңыз;
– Кейін практикалық бөлімге кірісіңіз.

Жоба мақсаты

– Жарық қорабын жасап шығармашылықпен айналысу;
– Сол арқылы түрлі денелердің жарық өткізу қабілетін зерттеу.

Теориялық бөлім

Күн сайын біз әртүрлі заттардың жарықты әртүрлі жолмен өткізетінін байқаймыз. Мысалы, бір стақан су және бір стақан кола. Олардың қайсысы жарық өткізеді, қайсысы өткізбейді?
Мөлдір заттар жарықты өткізеді, ал мөлдір емес заттар өткізбейді. Кейбір заттар жарықты нашар өткізуі мүмкін. Мұндай объектілер жартылай мөлдір деп аталады. Егер сіз оларарқылы қарап көрсеңіз, заттар анық көрінбейді.

<a href=’https://www.freepik.com/photos/lemon-drink’>Lemon drink photo created by azerbaijan_stockers – www.freepik.com</a>
<a href=’https://www.freepik.com/photos/lemon-water’>Lemon water photo created by azerbaijan_stockers – www.freepik.com</a>

Айналадағы кеңістікті көру қажет болған кезде, шыны, полиэтилен, кристал сияқты мөлдір материалдар пайдаланылады. Кеңістіктің көрінуін шектеу үшін мөлдір емес материалдар қажет. Мысалы, кірпіш қабырғалар, ағаш және металл есіктер.

Практикалық бөлім

Қадам 1. Шамамен осы өлшемдерге сәйкес картон қағаздарын дайындаңыз. Бірінде суреттегідей ортасын ашық етіп қиып алыңыз.

Қадам 2. Қорап шығатындай бөліктерді жабысқақ таспамен және желіммен байланыстырыңыз.

Қадам 3. Кеңселік файлды жайып, жоғарғы жағынан, жабыңыз. Берік болу үшін айналдыра жабысқақ таспамен бекітіңіз.

video
play-rounded-fill

Біздің қорап дайын. Енді әртүрлі заттардың жарықты қалай өткізетінін көреміз. Ол үшін жарық қорапшамызды жасауды жалғастырайық.

Қадам 4. Пленканың үстіне жарма немесе құм себіңіз.

Қадам 5. Телефоннан фонарьды қосып, оны тесік арқылы қораптың ішіне салыңыз.

Дайын, сіз құмға сурет сала аласыз. Көріп отырғаныңыздай, мөлдір пленка жарықты толығымен өткізеді, ал құмның тығыз жинақталған жерлерінде жарық өтпейді. Сондықтан біз құммен және жарықпен осындай әдемі суреттер жасай аламыз.

Қорытынды

Бұл жобада оқушылар жарықтың әртүрлі заттар арқылы әртүрлі жолмен өтетінін көрді. Мұны көру үшін және сонымен бірге сабақты қызықты өткізу үшін олар жарық қорапшасын жасады.

Бағалау

PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.