1-сабақ
Жоба мақсаты
– Денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалысына мысалдар келтіру;
– Конвейерлік таспамен кинотеатр жасау;
– Шығармашылық дағдылардың дамуына көңіл бөлу.
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Практикалық бөлім кезінде оқушылар өз хикаясын ойлап тауып, оны фильмде көрсетуі керек.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Айналаңызға қараңыз да барлық қозғалатын денелерді есіңізге түсіріп көріңіз. Машиналар, ұшақтар, пойыздар, адамдар, жануарлар, жәндіктер, құстар және т.б. Көріп отырғанымыздай, олардың барлығы әртүрлі жылдамдықпен қозғалады, біреуі жылдам, екіншісі баяу. Қозғалатын денелер әртүрлі жылдамдыққа ие болуы мүмкін.
Жылдамдық белгілі бір уақытта (мысалы, 1 секунд немесе 1 сағат) объектінің жүретін жолын анықтайды.
Практикалық бөлім
Қадам 1. Үш парақты картоннан қорап жасаңыз. Бір парақты түбі ретінде қолданыңыз, ал қалған екеуін жартысына бөліп, төрт қабырға ретінде қолданыңыз. Ыстық желімді пайдалана отырып қабырғаларды жалғап суреттегідей қорап жасаңыз.


Қадам 2. Картон парағын ұзындығы бойынша жартысынан екіге бөліп, қайырып, дәретхана қағазының тығыны тәрізес цилиндр қалпына келтіріңіз. Ыстық желім пайдаланып бекітіп алыңыз.



Қадам 3. Цилиндр жеңінің ұшын картон парағына 4 рет сырғытып шеңбер сызып алыңыз. Содан кейін әр шеңберді кесіңіз.


Қадам 4. Әр шеңбердің ортасына тесік жасаңыз.

Қадам 5. Ыстық желіммен цилиндрдің әрқайсысының ұштарына шеңберлерді жабыстырыңыз.

Қадам 6. Хикаяны ойлап тауып, оны қағазға көшірудің уақыты келді. Алдымен таспаны дайындаңыз. Ұзындығы бойынша A4 қағазын жартысынан екіге бөліп, ұзын таспа шығуы үшін желіммен қосыңыз.


Қадам 7. Енді хикаяны қағазға көшіріңіз. Мысал ретінде жаңа қаланы көлікпен саяхаттап жүрген отбасын көрсетеміз. Таспаға пейзаж салыңыз. Басқа қағаздың бір бөлігіне кейіпкер салып, оны кесіңіз. Әр топтың әр түрлі, өзіндік тарихы болуы керек.


Қадам 8. Екі цилиндр айналасына фондық кескіні бар таспаны орап, қағаздың ұштарын желіммен жабыстырыңыз.


Қадам 9. Қағаз таспа мүмкіндігінше керіліп тұруы керек. Фотодағыдай қорапта бір-біріне қарама-қарсы тесіктер жасай отырып, шпажкаларды салыңыз.


Қадам 10. Ыстық желіммен, шпажкаларды цилиндр кірген жерінен жабыстырыңыз, осылайша шпажка мен цилиндр бірге айналады.

Қадам 11. Шпажкамен қораптың төменгі ортасынан тесіңіз. Басты кейіпкеріңізді ыстық желіммен шпажкаға жабыстырыңыз. Сізге оны ыстық желіммен желімдеу қажет болуы мүмкін.

Соңғы нәтиже!
Енді сіз фильмді көруге дайынсыз! Тек цилиндрлерді бір бағытта бұраңыз. “Артқа қарай” фильмін көру үшін оларды басқа бағытқа бұрыңыз! Әр топ өз хикаясын көрсетіп айтып беруі керек.
Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз конвейер таспасы бар кино қорапшасын жасай алдыңыз, Сіз нағыз инженерсіз!
– Сіз өз қиялыңыздан хикая құрастырып, анимациялық фильм жасадыңыз, Сіз нағыз сценарист әрі режиссерсіз!
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png)

