1-сабақ
Жоба мақсаты
– Балықтың дене құрылысын және өмір сүру аймағымен танысу;
– Балықтың жүзетін макетін жасау.
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Теориялық бөлімге қысқаша шолу жасаңыз;
– Судың төгілуіне төтеп бере алатын жұмыс кеңістігін табыңыз;
– Кейін практикалық бөлімге өтіңіз.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Бұл сабақта біз балықтың торсылдағының жұмысын зерттейтін боламыз. Сүйекті балықтардың көпшілігінде оларға жүзуге көмектесетін арнайы орган бар. Ол- торсылдақ. Торсылдақ – бұл әдетте газбен толтырылған балық денесінің ішінде орналасқан жұқа қабырғалы сөмке тәріздес зат. Балықтың жүзуіне көмектесумен қатар, ол қосымша тыныс алу мүшесі ретінде де жұмыс істей алады.

Кез-келген денеге жерге тартатушы тартылыс күші әсер етеді. Суда да денеге тартылыс күші әсер етеді. Сонымен қатар судағы денелерге Архимед күші де әсер етеді. Архимед күші ауырлық күшіне қарсы бағытта әрекет етеді. Кері итеруші күш заттың тығыздығы мен көлеміне байланысты. Тығыздық неғұрлым аз болса және дененің көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым оған әсер етуші Архимед күші жоғары болады. Сондықтан кейбір заттар суда батып кетеді, ал басқалары су бетінде қалады.
Егер Архимед күші ауырлық күшінен үлкен болса, онда зат су бетінде қалқып жүреді, ал егер ауырлық күші үлкен болса дене төмен батады. Егер олар тең болса дене су бағанында жүзіп жүреді.
Іс жүзінде бұл күш қалай әсер ететінін көрейік. Бұл жобада балық денесінің макетін жасап, балықтардың әртүрлі тереңдікте қалай жүзе алатындығын біле аламыз.
Практикалық бөлім
Қадам 1. Бөтелкені алыңыз да, фотодағыдай бірнеше тесік жасаңыз. Бұл бөтелкеге су толып оны ауырлату үшін қажет болады.

Қадам 2. Жүкті алып, оны бөтелкеге саңылаулардың бүйіріне изолентамен бекітіңіз. Суы бар ыдысқа салыңыз. Бөтелке сумен толтырылып, батып кетуі керек.

Қадам 3. Бөтелкенің қақпағын алыңыз, силикон шлангі өтетін етіп тесік жасаңыз.

Қадам 4. Шлангтың бір ұшына шарды резеңкемен бекітіңіз.

Қадам 5. Шарды бөтелкеге салыңыз. Қақпағын жабыңыз.

Қадам 6. Дайын. Енді қайықты суға салыңыз, ол су түбіне кетуі керек. Қайық су түбінде болған кезде, шарды шланг арқылы үрлеңіз, қайық жоғары қарай жүзеді.
Сіздің жасағаныңыз балыққа ұқсап тұрғанын байқадыңыз ба? Бөтелке балықтың денесі болып тұр, ал шар – бұл балық денесінің ішіндегі торсылдағы. Сіз бөтелкені суға салған кезде, ол суға толып, түбіне батуы керек еді. Себебі, суға толы бөтелкенің салмағы бөтелкені жоғары қарай итеретін итеруші күшінен үлкен. Бұл сіз шарды үрлеп, шар кеңейген кезде суды бөтелкеден шығарады. Енді сізде бөтелкенің ішінде су емес ауа толтырылған шар бар. Ауа судан әлдеқайда жеңіл болғандықтан, бөтелке бұдан былай ауыр болмайды және шар ауамен толтырылған сайын, бөтелкенің салмағы бөтелкені жоғары қарай итеретін итеруші күшінен аз болады. Осы кезде бөтелке су бетіне қарай жүзе бастайды.
Шардан жел қайтадан шыққан кезде, керісінше болады. Бөтелке қайтадан ауырлай бастайды, өйткені су бөтелкеге қайта ағып, ол бата бастайды.
Балықтың торсылдағы осылай жұмыс істейді. Балықтың денесінің салмағымен төмен түседі, ал жоғары қарай жүзу қажет болған кезде торсылдағы газбен толып, балық жоғары қарай жүзеді.
Тазалық. Түтікті бөтелкеден ажыратып, төгілген су мен материалдардың барлығын сүлгімен немесе қағаз сүлгімен сүртіңіз.
Қорытынды
Бұл жобада оқушылар балықтың денесінің макетін жасап, оның қалай жұмыс істейтінін, суда кез-келген тереңдікте қалай жүзе алатынын түсінді.

Бұл жобада әр оқушы STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз өзіңіз балықтың дене құрылысын зерттедіңіз, Сіз – нағыз ғалым – биологсыз!
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png)

