1-сабақ
Жоба мақсаты
– Табиғат ресурстарымен танысу;
– Табиғат ресурстарының бірі – суды алатын құдық жасау.
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топтарға бөліңіз.
– Оқушыларды теориялық бөліммен таныстырып практикалық бөлімге кірісіңіз.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Адамзат табиғи ресурстарды энергия көзі, тұтыну, қаражат, еңбек заттары және т. б. ретінде пайдаланып келеді. Табиғат ресурстарына күн сәулесі, су, топырақ, ауа, минералдар, толқындар энергиясы, желдің күші, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, ішкі жылу және т. б. жатады.
Солардың ішінде осы жобада су ресурстарын қарастырайық. Су ресурстары – бұл жер үсті және жер асты суларын қамтитын планетадағы тұщы су қоры. Оларға өзендердің, көлдердің, каналдардың, су қоймаларының, теңіздер мен мұхиттардың сулары, жер асты сулары, тау және полярлық мұздықтардың суы (мұздары) жатады. Бұлардың барлығы көп болып көрінгенімен тұщы сулар, яғни ішуге, қолдануға жарамдысы, өте аз бөлігін ғана алады. Сондықтан суды әрқашан үнемді қолдану маңызды.

Фото: Frans van Heerden: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/1661306/
Бұрыны тайпалар өздерінің тұратын қоныстарын құрған кезде су көзін таңдау маңызды мәселе болған. Өзендер, көлдер мен бұлақтарды пайдалану әртүрлі себептерге байланысты қиынға соғатын еді. Ауыз суға арналған құдық – үйде пайдалануға, суару және мал шаруашылығы үшін жалғыз сенімді су көзі болды. Ең алғашқы қолмен қазылған құдықтардан бастап 19 ғасырдың басына дейін құдықтар қолмен қазылып келді. Адамдар жерді қазып жер асты суларына қол жеткізген және оны пайдалану үшін жоғары көтеріп алатын түрлі жолдарды қолданған. Тек 1808 жылдан бастап механикалық бұрғылау қол еңбегін алмастырды. Ал 1884 жылдан бастап бұрғылау машиналары қолданыла бастады.
Практикалық бөлімде біз жер асты суларын қолдануға көтеріп алатын механизнің бірін жасайтын боламыз.
Қосымша ақпарат және қолданылған әдебиеттер:
https://bentsteel.ru/istoriya/istoriya-proishozhdeniya-kolodcza/
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/0aa16c08-ad07-4cf2-b53b-047d0bf26d18/Metod_mat/help/geo_eco/str6.htm
Практикалық бөлім
1. 2 А4 өлшемді картонды алып құбыр түріне келтіріңіз. Бұл су құдығының аяқтары болады.


2. Ұзын шпажканы алып екі трубаның жоғарғы жағынан өткізіңіз.

3. Екі балмұдақ таяқшасын ыстық желіммен аяқтардың төбесіне орнатыңыз.

4. Картонды екі тақша түрінде кесіп алып балмұздақ таяқшаларының арасын жалғаңыз. Ыстық желімді қолдыныңыз.


5. Картонды екі тіктөртбұрыш етіп кесіп алып шатыр жасаңыз.


6. Балмұздақ таяшаларын шпажкаға суреттегідей жалғап айналдырғыш құралын жасаңыз.

7. Енді суды алатын шелек жасайық. Картонды тіктөртбұрыш және шеңбер етіп қиып алып суреттегідей кішкентай шелек жасаңыз.


8. Шелекті екі жағынан тесіп жіпті өткізіңіз де суреттегідей байлап қойыңыз.

9. Жіптің екінші ұшын шпажкаға желімдеңіз.

Дайын. Таяқшаны айналдырсаңыз суға толы шелек жер астынан таза тұщы суды алып шығады. Дайын су құдығын екі парта ортасына қойып төменнен шелекті көтеріп көріңіздер.
Қорытынды
Бұл жобада оқушылар табиғи тесурстармеен танысып, олардың маңызын түсінді. Табиғат ресурстарының мысалы ретінде сулы алып, оны адамдар көне заманнан бері қалай қолданып келгенін түсінді. Қазіргі технологиялардың жоқ кезінде таза суды алу үшін қандай инженерлік құрылғылардың болғанан көріп, солардың бірін өз қолдарымен жасады.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png)

