1-сабақ
Жоба мақсаты
– Зымыран жасап, оны іске қосу;
– Ғарыштық зымыран бөлшектерінің құрылымы мен функциясын меңгеру.
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Оқушылар ғарыш кемесі тақырыбымен танысуы керек;
– Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын, оқушыларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз;
– Қайшымен және картон бұйымдарымен жұмыс істеу бойынша қысқаша нұсқаулық жасаңыз.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Зымыран дегеніміз не? Немесе біз ғарышқа қалай жете аламыз?
Зымыран (итал. rocchetta-кішкентай шыбық) – реактивті тартқыштың әсерінен кеңістікте қозғалатын ұшақ.

Фото: Pixabay: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/73871/
Ғарыштық зымыранның реактивті қозғалтқышы бар. Жанармай зымыранның резервуарларына салынып, жандырылады. Жанармай жағыла бастайды және қатты қыздырылған газға айналады. Бұл қатты қыздырылған газ ағыны үлкен күшпен зымыранның түбіндегі қішкене аймақтан шығып, зымыранды қарама-қарсы бағытта итереді.
Сіз үрленген шарды босатқан кезде ауаның қалай шығып жатқанын және шар қарама-қарсы бағытта тез ұшып жатқанын көрген шығарсыз. Біз осы принципті практикалық бөлімде қолданамыз. Ал, бастайық.
Практикалық бөлім
1. Қағазды алып құбыр түріне келтіріңіз.

2. Келесі қағазды алып шеңбер сызып ортасынан бөліңіз.


3. Бір бөлігін алып конус жасаңыз.

4. Басында жасалған құбыр тәріздес ракетаның денесіне конусты скотчты қолдана отырып орнатыңыз.

5. Енді астыңғы бөлігін жасайық. Бірнеше үшбұрыштар кесіп алып, ракета денесіне жабыстырыңыз.


6. Шар, резеңке және түтікшені алыңыз. Суреттегідей түтікшені шардың аузына салып резеңкемен бекітіп қойыңыз. Ауа тек түтікше арқылы шығуы керек.


7. Шарды ракетаға астынан кіргізіп түтікше арқылы шарды үрлеңіз. Ауаны ұстап тұру үшін түтікшені майыстырып немесе қатты ұстап тұрыңыз. Кейін зымыранды ұшіру үшін түтікшені босатыңыз.


Дайын. Тар тесіктен бір бағытта көп ауа шыққан кезде, ол зымыранға қарама-қарсы бағытта қозғалуға мүмкіндік береді. Ғарыш зымырандарындағы реактивті қозғалтқыш секілді.
Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM атағына ие болады:
– Сіз зымырандардың ғарышқа қалай ұшатынын түсіндіңіз, Сіз нағыз физик ғалымсыз!
– Сіз зымыранның ұшуын ойнадыңыз реактивті қуатты қолдана отырып, Сіз нағыз инженерсіз!
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png)

