1-сабақ
Жоба мақсаты
– Түрлі материалдардың магниттелуін зерттеу;
– Шығармашылық қабілет пен зейінді дамыту үшін лабиринт ойынын құрастыру.
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Теориялық бөлімге қысқаша шолу жасап практикалық бөлімге кірісіңіз.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Магнит – бұл айналасында магнит өрісі бар материал. Магнит өрісі тек белгілі бір материалдарға әсер етеді, әрине, алдымен темірге қатты әсер етеді. Осылайша, кейбір материалдар магнитке тартылады, сонымен қатар магниттер бір-біріне де тартылады.
Көптеген заманауи тиындар негізінен мыс немесе никельдің жұқа қабатымен қапталған болат қоспаларынан жасалған. Кейбір тиындар мыс пен никель қорытпасынан жасалған және олар магнитке тартылмайды.

Фотограф: Angela Roma : https://www.pexels.com/ru-ru/photo/7319291/
https://ru.freepik.com/photos/business’>Business фото создан(а) freepik – ru.freepik.com
Магниттер металл заттарды көтеру, ұстап тұру және жылжыту үшін қолданылады. Магниттер біз күн сайын қолданатын дерлік барлық электронды құрылғыларда кездеседі. Мысалы, динамиктерде, телефондарда, құлаққаптарда және электр қозғалтқыштарында кездеседі. Магниттер күнделікті өмірде де көптеп қолданыс табады. Мысалы, тоңазытқыштың есіктерін мықтап жабу немесе фотосуреттерді тақтаға бекіту. Сонымен қатар магниттердің көмегімен ойыншықтар да жасайды.
Практикалық бөлім
1. Маркермен бөтелкеге лабиринт жол ойлап тауып салып шығыңыз. Лабиринтті төменнен бастап бөтелкенің аузынан шығатын етіп аяқтаңыз. Неғұрлым қиын болса, соғұрлым жақсы.

2. Қағаз қыстырғышты немесе тиында бөтелкенің ішіне түсіріп, оны лабиринт арқылы жүргізу үшін магнитті қолданыңыз.

3. Басқа топтарымен лабиринтпен алмасып, қағаз қыстырғыштың бөтелкеден шығуына көмектесіңіз.

Сіздің барлық тиындарыңыз осы ойынға жарамды ма?
Лабиринттің ішіне түйме, доп немесе шаш қыстырғыш сияқты тағы бірнеше зат салып көріңіз. Тағы қандай материалдармен ойнауға болады екен?

Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз магниттің қасиеттерін түсіндіре алдыңыз, Сіз нағыз ғалым – болашақ физиксіз!
– Сіз өзіңіз лабиринт ойынының бір деңгейін жасадыңыз, Сіз болашақ ойын дизайнерісіз!
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png)

