1-сабақ

Мұғалімге нұсқаулық

– Жобаның практикалық бөлімінде оқушылар топтарда жұмыс істейді;
– Оқушылар дыбыс деген не, ол қалай пайда болады және дыбыстағы кедергінің не екендігін білуі тиіс;
– Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын, оқушыларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз;
– Термо желіммен жұмыс істеу туралы қысқаша нұсқаулық жасаңыз (тек мұғалім пайдаланады).

Жобаның мақсаты

– Ұлттық аспап сыбызғыны жасау және оның жұмыс істеу принципін зерттеу.

Теориялық бөлім

Құрметті оқушылар, мына  сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?
2) Үрлемелі аспап дегеніміз не?
3) Үйлеріңізде ұлттық аспаптар бар ма әлде шетелдік аспаптар?
4) Сол үйіңіздегі аспаптарда ойнау білесіздер ме, әлде туыстарыңыз тартады ма?
5) Кім қандай аспапта ойнап үйренгісі келеді?

Қанекей ендеше ұлттық аспаптарды дыбысына қарай тауып көрейік. (Аспаптар дыбыстарын тыңдау үшін көк сілтемеге басыңыз)

Дәл тапсаңыздар соңғы болған аспапты өзіміз жасап көрелік

Практикалық бөлім

video
play-rounded-fill

Қадам 1. Екі түтікшенің жабысқақ таспа (скотч) бекітеді.

Қадам 2. Созылатын механизмін екі жаққа бұрады.

Қадам 3.  Кішкене түтікшені екі жаққа қарап тұрған түтікше бастарын бекіту үшін скотчпен жабыстырамыз.

Қадам 4. Алдын ала тесілген пластик бөтелке ішене саламыз.

Қадам 5. Түтікшенің бір жағын кесіп тастаймыз, кейін сол кесілген тұстан үрлеу  үшін. Қатты қысқартып тастамаңыз бөтелке ішіне жетіп тұратындай болуы қажет.

Қадам 6.  Ұзын түтікшені бөтелкеден сәл асып тұратындай жерден кесеміз, (осы түтікше шарға тиіп тұрғанының нәтижесінде дыбыс шығады).

Қадам 7.  Шарды ортасынан кесіп аламыз.

Қадам 8. бөтелкенің аузын жабамыз.

Қадам 9. Шардың үрлейтін аузын кесіп аламыз.

Қадам 10. Шардың аузын қосымша резеңке ретінде пайдаланамыз.

Қадам 11. Түтікше шарды суреттегідей дәл ортасынан итеріп шығып тұруы қажет.

Қадам 12.  Қосымша резеңкелермен тағы бекітеміз.

Қадам 13.  Түтікшелер жылжып кетпеуі үшін, бөтелкеге еніп тұрған тұсынан термо желіммен желімдейміз.

Қадам 14. Шынайы музыкалық аспапқа ұқсауы ұшін, әр түрлі дыбыс шығару үшін тағы бір түтікшені алып кесілмеген түтікше басына кигіземіз.

Қадам 15. Түтікшені майыстырып кішкене ғана бұрышын кесеміз, өте үлкен немесе кішкене болып кетпеуі қажет.

Қадам 16. Солай түтікшенің бір түзу бойымен қалауымызша  тесіктер жасаймыз.

Қадам 17. Суреттегідей тесіктер шығуы керек.

Қадам 18. Үрлеп дыбыстың шығуын тексеріп көреміз және тесік қалдырылған тұстарды кезекпен жауып көреміз.

Қадам 19. Тесіктер суреттегідей болса жеткілікті.

Қадам 20.  Түтіктегі тесіктерді аяқтап болған соң, әр оқушы бір-бір түтіктен алып қалауынша тесіктер жасап сыбызғыға салып үрлеп көрсе болады, (үрлейтін тұсына әр оқушы түтікшеден өзіне жеке жасап алуы қажет гигиеналық талаптарға сәйкес).

Қадам 21.  Осылайша сыбызғымыз дайын болды.

Бұл жобада әр оқушы үш санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:

– Сіз дыбыстың пайда болуын және дыбыстағы кедергілерді айтып түсіндіріп бере алдыңыз, Сіз нағыз ғалым – болашақ физиксіз!
– Сіз өз бетіңізше аспаптарды зерттедіңіз және біреуін жасап шыға алдыңыз, Сіз нағыз ұста – аспап жасаушы бола аласыз!
– Сіз жасырылған аспаптардың дыбысын айыра алдыңыз, Сіз меломан – болашақ музыка сыншысы бола аласыз!

Бағалау

PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.