1-сабақ
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топқа бөліңіз;
– Теориялық бөлімді түсіндіріңіз;
– Кейін практикалық бөлімге өтіңіз.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Бөлшектің төменгі бөлігі, бөлімі, неше бөлікке бөлгенімізді, қанша тілім алғанымызды көрсетеді. Жоғарғы бөлік, алымы, барлығынан қанша бөлігі алынғанын көрсетеді. Мысалы,
. Мұнда, 7 – бөлімі, ал 3 – алымы.
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу үшін олардың алымдарын қосу жеткілікті.
Мысалы,
.
Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту оларды қосу сияқты оңай. Бірінші бөлшектің алымынан екінші бөлшектің алымын азайту керек.
Мысалы,
.
Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру қажет болса, алымы ең үлкен бөлшек үлкенірек болады. Ал алымы кіші бөлшек – аз.
Мысалы,
.
Практикалық бөлім
Енді сабақтың тақырыбын түсініп, тексеру үшін пицца тақтасын жасай бастаймыз. Мұндай тақтада қарапайым деңгейде бөлшектерді қосу және азайтуды, салыстыруды түсінуге және үйренуге болады.
1-қадам. Әрқайсысы шамамен 14 см x 14 см болатын екі картон бөлігін кесіңіз. Олардың біреуінің ортасында диаметрі шамамен 8 см болатын тесік болуы керек. Шеңбер сызу үшін шеңберлері бар баспа қағазды пайдалануға болады.

2-қадам. Оларды бір-біріне жабыстырыңыз.

3-қадам. Енді басып шығарылған сызбаны алып шеңберлерді кесіңіз. (Жүктеу үшін басыңыз)

4-қадам. Түрлі-түсті картоннан 12 шеңберді кесіңіз. Басқа топтармен түстерді ауыстырып алсаңыздар болады.

Қадам 5. Бөлшектенген үлгілерді картонға жабыстырыңыз.

6-қадам. Барлық бөлшектерді жазып шығыңыз. Егер шеңбер екіге бөлінсе, онда әрбір бөлік бір бүтіннің
бөлігі болады , егер шеңбер 12-ге бөлінетін болса, онда пиццаның әрбір бөлігі бір пиццаның
бөлігі болады.

7-қадам. Қайшымен сызықтар бойымен кесіп, барлық бөліктерді бөлу керек.

Дайын. Енді есептерді шығарып көрейік. Мысалы,
Пиццаның тоғызға бөлінген тілімінен екеуін алып, тақтаға салыңыз. Содан кейін оларға тағы 4 бөлігін қосыңыз. Сізде барлығы қанша бөлік шаққанын санап көріңіз. Қазір тақтада 9 бөліктің 6 бөлігі бар, яғни
. Осылай, бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу қалай жұмыс істейтінін түсінуге болады. Басқа есептерді де орындап көріңіз.

Тағы бір есеп.
Жетіге бөлінген пиццаның 3 тілімін алып, оған тағы 4 тілім қосыңыз. Бүкіл шеңбер толып, бір пицца болып шықты. Яғни
.

Бөлшектерді азайту да ұқсас жолмен орындалады. Мысалы,
Сегізге бөлінген пицца тілімінің 7-ін тақтаға салыңыз. Енді олардың 3-ін алып тастап, қанша бөлік қалғанын санаңыз.
.

Бөлшектерді қалай салыстыруға болады?
. 11-ге бөлінген пиццаның 3 тілімін бір жағына қаратып қойыңыз. Тағы да 5 тіліміен екінші жағына қаратып салыңыз. Қайсысы көп екенін қараңыз. Көріп отырғанымыздай,
.

Корытынды
Бұл жобада оқушылар бөлшек сандарға амалдар қалай орындалатынын анық көрді. Пицца түрінде тақта жасап, оның көмегімен кітаптардан алған теориялық білімдерін тексерді.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png)

