2-апта

Теориялық бөлім

Тамыр құрылысында бір-бірінен құрылымы мен қызметі бойынша ерекшеленетін бірнеше аймақтар ажыратылады. Тамыр ұшында — тамыр оймақшасы,бір-біріне тығыз жанаса орналасқан жасушалардың бірнеше қабатынан құралған. Бұл құрылымның негізгі қызметі — бөліну аймағын қорғау, сонымен қатар тамырдың топыраққа енуін жеңілдету үшін арнайы шырыш зат бөледі.

Бөліну аймағы апикальды меристеманың үнемі бөлінетін шағын жасушаларынан тұрады. Бұл аймақ өсімдіктің барлық тамырларының ұштарында орналасқан. Апикальды меристеманың арқасында тамырдың ұзындығы артады.

Өсу аймағы созылыңқы жасушалардан тұрады, соның арқасында тамыр ұзарып созылады. Бұл аймақта құрылымы мен қызметіне қарай жасушалардың дифференциациясы басталады. Беткі жасушалар ризодерма жасушаларына айналады. Ал тамырдың орталық бөлігінде өткізгіш ұлпа(ксилема, флоэма) жасушалары түзіледі.

Сору (сіңіру) аймағы сыртынан жұқа қабық тінімен (ризодерма) жабылған. Бұл аймақта жабын ұлпа жасушалары – тамыр түктерін түзеді. Тамыр түктері – ұзын жіп тәрізді жасуша өсінділері. Тамыр түктерінің қызметі топырақтан су мен минералды заттарды сіңіру. Тамыр өскен сайын олар ыдырайды, тамыр қабығы (ризодерма) әдетте тығынмен, ал сору аймағы өткізу аймағына ауысады.

Өткізу аймағы өсімдіктің жер үсті бөліміне дейін жалғасады. Ол жерүсті мүшелеріне тамырдан минералды заттар мен су тасымалдайтын (ксилема) және жапырақтарда түзілген органикалық заттарды тамырға өткізетін (флоэма) өткізгіш ұлпа жасушаларынан тұрады.

Практикалық бөлім

тұқым қабығының жарылуы
негізгі тамырдың пайда болуы
тамыр түктерінің пайда болуы
өркеннің пайда болуы

Қорытынды

Осы зерттеу нәтижесінде оқушылар жасушалық деңгейде сабақтың құрылымын анықтауды үйренді. Микроскоппен жұмыс істеу барысында теориялық және практикалық білімдерін толықтырды.