2-сабақ

Практикалық бөлім

Өткен сабақта өткізген тәжірибелерге бақылау жүргізіп, нәтижелерін Жұмыс парағына жазыңыз.

№1 тәжірибе

4-қадам. Бір тәулік өткен соң,  бақылау жүргізіп, сұрақтарға жауап беріңіз:

1)Әк суында қандай өзгерістер байқалады?

2)Қорытындылай келе, өсімдіктер тыныс алғанда көмірқышқыл газын бөледі деп айтуға болады ма?

 №2 тәжірибе

3-қадам. Бір күннен кейін әрбір ыдысқа жанып тұрған майшамды енгізіңіз.

1)Май шамды ыдысқа түсіргенде не болды?

2)Бұл тәжірибеден қандай қорытынды жасауға болады?

Қорытынды

Бұл практикалық жұмыста оқушылар  өсімдіктердегі тыныс алу үрдісінің механизмін зерттеді.

Бағалау