2-сабақ
Практикалық бөлім
Қадам 1. Өткен сабақта сіз фото рамканың 2 бөлігін жинадыңыз

Қадам 2. Енді екі бөлікті жалғаңыз. Бір-біріне теріс жағын қаратып біріктіріңіз

Қадам 3. Степлерді немесе ыстық Желімді пайдаланып, 2 бөлікті бірден ұстап, Фото рамканың шеттерін өңдеңіз.


Қадам 4. Сіз әкелген фотосуретті орналастырыңыз.

Қадам 5. Магниттік таспаларды алыңыз
Содан кейін қағаз таспасын алып тастаңыз және фото жиектеменің артына жабыстырыңыз


Қадам 6. Магниттік таспалар материалмен тығыз жабысқанына көз жеткізіңіз.

Қадам 7. Сізде латын әліпбиі бар (трафарет). Қажетті әріптерді кесіңіз.
Сіз өзіңіздің Атыңызды/немесе аты-жөніңізді және т.б. кесіп алсаңыз болады.


Қадам 8. Желімді қолдана отырып әріптерді Фоторамкаға жабыстырыңыз
Содан кейін әріптердің бетіне қайтадан желім жағып, жылтырақтарды себіңіз. Артығын алып тастаңыз


Қадам 9. Әуе шарын жасаймыз.
Сіз фантазияңызға еркіндік бере аласыз және фетрден немесе қағаздан кез-келген пішінді кесіп жабыстырсаңыз болады


Қадам 10. Содан кейін шарды (немесе өзіңіз жасаған пішінді) Фото рамкаға степлермен немесе ыстық желіммен бекітіңіз.
Құттықтаймыз, магниттік Фото рамка дайын!

Қорытынды
Осылайша оқушылар өздерінің фоторамкаларын жасады

Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз өзіңіз магнетизмді зерттедіңіз, атап айтқанда магниттерді қолдану саласы, Сіз нағыз зерттеуші ғалымсыз!
– Сіз өзіңіз магниттік Фото жиектеме жасадыңыз. Бұл өз кезегінде креативті, шығармашылық, технологиялық процесс. Құттықтаймыз, Сіз жас инженер-дизайнерсіз!
Бағалау


