Аспазшы болғым келеді

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты:

  • Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың қолөнер дағдыларын жетілдіру.
  • Қарапайым материалдардан көлемді әрі ойынға арналған тағам үлгісін жасауға үйрету.
  • Балаларды пайдалы тағамдармен таныстырып, дұрыс тамақтану туралы түсінік қалыптастыру.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық: Түрлі түсті фетрден тағам бейнелерін жасау арқылы қиял мен эстетикалық талғамды дамыту.
  • Қол моторикасы: Қайшыны дұрыс қолдану, бөлшектерді қиып алу және желімдеу арқылы қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту.
  • Кеңістіктік ойлау: Сэндвичті қабаттап жинақтау арқылы заттардың пішіндерін дұрыс үйлестіру.
  • Тілдік және коммуникативтік дағдылар: Балалар дайын сэндвичтері арқылы рөлдік ойындар ойнап, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.
  • Тамақтану мәдениеті: Дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіну және пайдалы тағамдарды ажырата білу.

Жобаның құндылығы:

Бұл жоба балаларға күнделікті өмірде кездесетін тағамдарды басқа қырынан тануға мүмкіндік береді. Фетрден жасалған сэндвич балалардың қиялын дамытып, олардың ұсақ моторикасын жетілдіреді. Сонымен қатар, жоба ойын арқылы пайдалы тамақтанудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Балалар өз қолымен жасалған сэндвич арқылы аспаздыққа деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Балаларға сэндвич пен оның құрамындағы өнімдер туралы әңгімелеп, пайдалы тамақтану жайлы түсінік беріңіз. 
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Берілген трафаретті сілтеме арқылы өтіп шығарып, қиып алыңыз. Трафарет

2-қадам. Беж фетрге нан суретін фетрге 4 дана салыңыз. Оларды қиыңыз.

3-қадам. Қалған өнімдерді 1 данадан  салыңыз және қиып алыңыз. Түстері бойынша: қызанақ — қызыл, салат жапырағы — жасыл, ірімшік — сары, шұжық — қызғылт. 

4-қадам. Нанды екіден бір-біріне екіжақты жабысқақ таспамен жабыстырыңыз.

5-қадам. Жабысқақтарды нанның бір жақ бетіне, қалған өнімдердің екі жағына жабыстырыңыз.

6-қадам. Сэндвичді жинақтаңыз. Екі жақ шетіне нан, ортасына салат жапырағы, қызанақ, шұжық және ірімшікті орналастырыңыз. Олар жабысқақтардың көмегімен бір-біріне жабысады. 

Дайын! Енді сіз өзіңіздің сэндвичіңізді ойынға пайдаланып, достарыңызбен «Аспаз», «Кафе» немесе «Ас үй» сияқты рөлдік ойындар ойнай аласыз.

Қорытынды

Фетрден жасалған сэндвич ойыны арқылы балалар пайдалы тамақтану туралы білімдерін кеңейтеді және тағамдардың құрылымы мен үйлесімділігін түсінеді. Өз қолдарымен жасаған тағам үлгілері балаларға өз еңбегін бағалауға, ұқыптылыққа және қиялды дамытатын рөлдік ойындар ойнауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытып, оларды өз ойларын жеткізуге және достарымен бірлесіп ойын ұйымдастыруға ынталандырады.