1-сабақ

Жобаның мақсаты

Адамның тірек-қимыл аппаратының қызметін зерттеу

Аяқтың анатомиялық моделін құру

Мұғалімге арналған нұсқаулық
– Жобаның эксперименттік бөлімінде оқушылар 4-5 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.
– Эксперименттік бөлімді бастамас бұрын оқушыларға барлық қажетті материалдарды таныстырып, ұсыныңыз.
– Ыстық балқытылған желіммен жұмыс істеу туралы қысқаша нұсқаулық жасаңыз (тек мұғалімнің көмегімен қолданады)
– Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4K дағдылары (сыни ойлау, ынтымақтастық, шығармашылық, презентация)

Техника безопасности на уроках Steam

Перед началом урока учителю рекомендуется ознакомиться с техникой безопасности. При необходимости (в случае использование предметов указанных в ТБ) провести краткий инструктаж учащимся. Перейдите по ссылке Қауіпсіздік техникасы

Теориялық бөлім

                   Адам денесін өте күрделі механизммен салыстыруға болады. Ол тірек-қимыл жүйесі (бұлшықеттер мен сүйектер) және жүйке жүйесі (ми мен нервтер) сияқты көптеген әртүрлі жүйелерден тұрады. Әр жүйе өз функцияларын орындайды және олар бірге адам өмір сүруі үшін қажет нәрсенің бәрін орындайды.

Тірек-қимыл жүйесі

                  Бұл жүйе сүйектерден (ересектерде олардың саны 206-ға жетеді) және бұлшықеттерден тұрады. Бас сүйек пен омыртқа денемізге пішін береді, ал қолдарымыз бен аяқтарымыз қозғалуға мүмкіндік береді.

                 Адам денесі жұмсақ теріден, бұлшықеттерден, мүшелерден, сіңірлерден тұрады және олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін берік тірек қажет. Бұл тірек-берік, бірақ салмағы өте жеңіл сүйектерден тұратын біздің қаңқа.

Біздің сүйектеріміз өте күшті болса да, қаңқамыз өте мобильді.

                Бұлшықеттер сүйектермен бірге жұмыс істейді, адам денесінің тірек-қимыл жүйесін құрайды. Қаңқа бұлшықеттері оларды жылжыту үшін сүйектерге бекітіледі.

Төмендегі суретті қараңыз және бүкіл сыныппен адам қолының мысалында бұлшықеттер мен сүйектердің жұмыс принципін талқылаңыз.

Дерек көздер:

1. Тело человека / Э. МакРей, С. Морган; пер. с англ. Балковой Е. А. — Москва: Издательство АСТ, 2022. — 31, [1] с.: ил. — (Детская энциклопедия)

2. https://ru.freepik.com

3. https://gdemoideti.ru/blog/ru/kak-rasskazat-rebyonku-ob-ustrojstve-tela

Практикалық бөлім

1-қадам. Екі А4 картонын алып аяқтың бөліктерін сызыңыз.

2-қадам. Содан кейін суретті кесіңіз

3-қадам. A4 қағазын алыңыз және аяқтың үстіңгі және астыңғы жағына сүйектерді сызыңыз және кесіңіз

4-қадам. Ұзын губкаларды дайындаңыз. Ол бұлшықет пен сіңір ретінде болады

5-қадам. Оларды бояулармен қызыл немесе қызғылт түске бояңыз

6-қадам. Аяқтарға сүйектерді жабыстырыңыз. Содан кейін шпажканы пайдаланып губкаға тесік жасаңыз

7-қадам. Шпажканы пайдаланып аяқтың бөліктерін біріктіріп екі жағына ыстық балқытылған желіммен бекітіңіз

8-қадам. Губка үшін 2 жерде тесік жасаңыз

9-қадам. Шпажканы пайдаланып губканы тесікке сырғытыңыз