2 апта
Бастамас бұрын, өткен сабақты еске түсіріңіз.
Бірнеше сұрақтар қойыңыз.
Үй тапсырмасы туралы сұраңыз.
Енді біз диаграмманы жасауды жалғастырамыз.
Практикалық бөлім
1 қадам Дайын 25х37 өлшемдегі картонды аламызда, оған 6,5х37 өлшемді сызық сызыңыз, ортасында да сызық сызамыз, жоғарғы жағы 17 см, төменгі жағы 20 см.

2 қадам Фломастердің көмегімен шкалаларды сызамыз.

3 қадам Түсті картонның қалдықтарынан біз шкала салу үшін 6,5х17 өлшемін кесіп, картонға оң және жоғарғы жағынан желімдейміз. Сол сияқты,түрлі-түсті картондардың қалдықтарынан біз төменгі бөлігін 6, 7х20 өлшемімен кесеміз. Және де дәл солай төменгі жағынана желімдейміз.

4 қадам Ыстық желім көмегімен біз тек ұстағышты картонға жабыстырамыз. Бұл жағдайда құбыр ұстағышпен бірге жүреді.


5 қадам Біз барлық 5 құбырларды картонға жабыстырамыз.

6 қадам Біздің бағанды диаграммамыз дайын! Енді диаграмманы сабақта қолданайық

Есеп:
Асқар, Айдын, Мадияр, Дамир, Арман дене шынықтыру сабағында биікке секірді. Асқар-80 см, Айдын-60 см, Мадияр-40см, Дамир-50см, Арман-70см
Сұрақтар:
1) Диаграммада осы сандардың барлығын көрсетіңіз.
2) Ұлдардың қайсысы бірінші орынға ие болды?
3) Арман мен Айдын қандай биіктікті алды.
4) Айдынның секіруі Дамирден қанша сантиметр жоғары болды?
Қорытынды
Бұл сабақта оқушылар өз қолдарымен бағанды диаграмма жасады. Диаграмманың көмегімен есептерді шешуді үйренді.

Бұл жобада әр оқушы санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз өзіңіз, диаграммаларды зерттедіңіз, диаграммаңызды жасадыңыз және сандармен жұмыс істедіңіз сіз нағыз – талдаушысыз!
– Сіз жұппен жұмыс жасай отырып, командалық жұмыс дағдыларын дамыттыңыз
Бағалау


