Бауырсақтың хикаясы

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты:

Бұл жоба балаларға қозғалыс және теңгерім принциптерін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын және моторикасын дамытуға бағытталған. Ойыншық жасау барысында балалар өз қолдарымен ерекше бауырсақ бейнесін жасап, оны ойын процесінде қолдану арқылы физикалық құбылыстарды зерттейді.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Ұсақ моторика: Шардың ішіне марблс шарын кіргізу, резеңкемен орау және сурет салу арқылы балалардың қол бұлшықеттері дамиды.
  • Координация: Шарды үрлеу, байлау және қозғалысқа бейімдеу барысында қол және көз үйлесімі жетілдіріледі.
  • Физикалық заңдылықтарды түсіну: Балалар марблс шарының қозғалысы арқылы ауырлық және тепе-теңдік принциптерін байқайды.

Жобаның құндылығы:

  • Шығармашылық еркіндік: Балалар бауырсаққа өз қалауынша бет-әлпет беріп,  дизайнын өз идеяларымен жасайды.
  • Интерактивті тәжірибе: Балалар өз қолдарымен жасаған ойыншықтарын қозғалысқа келтіріп, қызықты ойындар ойнай алады.
  • Оқу мен ойынның үйлесімі: Жоба балаларға физикалық құбылыстарды ойын арқылы үйренуге мүмкіндік береді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Балаларға бауырсақ ертегісі туралы қысқаша айтып беріңіз.
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Шарды теріс айналдырыңыз. 

2-қадам. Марблс шарын шардың ішіне кіргізіңіз.  

3-қадам. Марблс шарын резеңкемен шардың сыртынан ораңыз.

4-қадам. Шарды қайтадан оңғаратыңыз. 

5-қадам. Шарды орташа көлемде үрлеп, аузын байлаңыз. 

6-қадам. Түрлі түсті фломастермен бауырсақтың түрін салыңыз. 

Дайын! Біздің қозғалып тұратын бауырсағымыз дайын.

Қорытынды

Бұл жоба балаларға ойын арқылы физикалық және шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Олар өз қолдарымен жасаған интерактивті ойыншықтың қозғалысын зерттей отырып, табиғат заңдылықтарын түсінуді үйренеді. Сонымен қатар, жоба балалардың өз-өзіне деген сенімділігін нығайтады.