Сабақ
Жобаның мақсаты
– Қар түйіршіктерінің құрылысын түсіну;
– Симметрия ұғымымен таныстыру және зерттеу;
– Негізгі пішіндер туралы көбірек білу мүмкіндігі;
– Геобордта әртүрлі пішіндерді салу.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
– Жобаның практикалық бөлімінде топта 3-4 оқушыдан жұмыс істейді.
– Оқушылар пішіндер , пішіндердің ауданы секілді тақырыппен танысуы керек.
– Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын, студенттерге барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
– Қайшымен жұмыс істеу туралы қысқаша нұсқаулық жасаңыз.
– Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіру. 4К дағдылары (сыни ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік техникасымен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Steam сабақтарында қауіпсіздік техникасы сілтемесіне өтіңіз
Теориялық бөлім
Қар қалай жауады?
Қар ауадағы су буы суға айналмай тұрып қатып қалғанда пайда болады. Бұл бұлттағы температура өте төмен болған кезде болады. Қар ұшқындары ауадағы мұз кристалдарынан тұрады. Қар ұшқындары өте кішкентайдан басталып, өседі. Әрбір қар ұшқыны бірегей және 200 кристалдан тұруы мүмкін.

Қар ұшқынының пайда болуы көптеген факторларға байланысты, мысалы, су буының қатуына кететін уақыты, ауадағы шаң бөлшектерінің мөлшері, желдің күші және барлық кристалдар бір-бірімен өрнектерді қалай біріктіретіне байланысты. Осы факторлардың барлығы қар ұшқындардың бірдей көрінуін қиындатады!
Симметрияның үйлесімділігі

Математикадағы симметрияның қазақ халқының қолөнеріндегі, сәулет өнеріндегі орны мен қажеттілігін көрсете отырып, оның үйлесімділігі мен көркемдігін танытумақсатында симметрия тарихына ой жүгіртіп, фигуралардың симметриялығы, көркем шығармаларда симметрияны қолдану, сәулет өнеріндегі симметрия және әріптер мен сөздердегі айналық симметриян зерттеуге тырыстым.
Симметрияның қолданысы барлық саланы қамтиды десек артық айтпаған болар едік. Симметрия ұғымы адамзаттың көп ғасырлық тарихынан таныс деуге болады. Математиканың, физиканың, тіпті табиғаттың заңдары да симметрия принциптеріне бағынады.
Практикалық бөлім
1 қадам. Өлшемі 22х22см шаршы болатын 4 дана картондарды аламыз

2 қадам. 3 картонды бір-біріне ыстық желіммен желімдейміз, ал қалған 1 картонға түймешіктерді орналастырып болған соң желімдейміз.


3 қадам. Картонның бетіне арақашықтығы 4 см болатындай етіп, түймешіктерді орнатамыз да астынғы жағынан ыстық желіммен желімдейміз мықты тұруы үшін.

4 қадам. Дайын геобордың қырларынан және үстіңгі шетінен изолентамен жабыстырып шығамыз.


5 қадам. Енді резеңкенің көмегімен геобордта әртүрлі пішіндер жасаймыз.

Қорытынды
Бұл сабақта оқушылар пішіндерді, периметрді, ауданды, бұрыштарды, сәйкестіктерді, бөлшектерді және т.б. жақсырақ түсінді және өз қолдарымен геоборд жасады.
Бұл жобада әр оқушы санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз өзіңіз, пішіндерді зерттедіңіз, геоборда өз пішіндеріңізді жасадыңыз , сіз – нағыз математиксіз!
– Сіз топтарда жұмыс істей отырып, командалық жұмыс дағдыларын дамыттыңыз. Практикалық жұмыс барысында сіз өз шығармашылығыңызды және біліктілігіңізді көрсеттіңіз.
Бағалау


