Ғажайып отшашу

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты:

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұсақ моториканы жетілдіру және физика мен механика негіздерін тәжірибе арқылы үйренуге ынталандыру. Шығармашылық жұмыс барысында балаларға ұқыптылық, шыдамдылық және ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық: Түрлі-түсті қағаздар мен безендіру элементтерін пайдаланып, жобаға ерекше сипат беру.
  • Қол моторикасы: Қайшы, желім және тескіш сияқты құралдарды дұрыс қолдану.
  • Техникалық түсінік: Механикалық принциптерді, әсіресе серпімділік пен қозғалысты түсіну.
  • Кеңістіктік ойлау: Отшашудың құрылымын құрастыру барысында элементтерді дұрыс орналастыру.

Жобаның құндылығы:

Бұл жоба балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өз қолдарымен әдемі және функционалды заттар жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Тәж жасау процесі балаларға ұқыптылықты, шыдамдылықты, және эстетикалық талғамды дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, жоба баланың өзіндік көркемдік шешімдер қабылдау қабілетін арттырып, оның сенімділігін және өзін-өзі бағалауын нығайтады. Тәжірибелік жұмысты орындау барысында балалардың назарын шоғырландырып, кеңістіктік ойлауын дамытуға көмектеседі.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Балаларға отшашулар туралы қызықты әңгіме айтып беріңіз. Мысалы: олар қалай жұмыс істейді және қайда қолданылады?
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Картон төлкеден 10 см ұзындықта кесіп алыңыз.

2-қадам. Шардың ұшын байлаңыз. Шардың төменгі жағын кесіп тастаңыз. 

3-қадам. Шардың қиылған жағын төлкеге кигізіңіз және жабысқақ таспамен жабыстырыңыз.

4-қадам. Төлкені жасыл түсті қағазбен орап шығып, желімдеңіз.

5-қадам. Төлкені сәндеңіз. Қапталған төлкені түрлі түсті қағаздан гүлдер қиып алып желімдеңіз.

6-қадам. Түрлі түсті қағаздардан тескішпен тесіп алу арқылы шеңберлер жасаңыз.

7-қадам. Шеңберлерді төлкеге салыңыз. 

Дайын! Шарды тартып тұрып жіберіп қалу арқылы отшашуды ата аласыз.

Қорытынды

Бұл жоба балаларды шығармашылыққа баулиды және олардың қолөнерге деген қызығушылығын арттырады. Отшашуды жасау арқылы балалар тек қол моторикасын дамытып қана қоймай, сонымен қатар физика заңдары туралы білімдерін тереңдетеді. Қолдан жасаған бұйымдарын көріп, олар өз жетістіктеріне қуанады, бұл олардың өзін-өзі бағалауына оң әсер етеді.