Күн мен айдың саяхаты

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты:

Балаларға күн мен түннің ауысуын қарапайым және қызықты тәсілмен түсіндіру. Табиғи құбылыстар туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Қол моторикасы: қағаздан элементтерді қиып алу, желімдеу.
  • Шығармашылық ойлау: күн мен айды безендіру.
  • Логикалық ойлау: күн мен түннің ауысу ретін түсіну.
  • Коммуникативтік дағдылар: топта жұмыс істеу, тәрбиешімен және құрдастарымен пікір алмасу.

Құндылық:

Балалар табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, қоршаған ортаны зерттеуге құштар болады. Бірлескен жұмыс арқылы достық, ұйымшылдық сияқты құндылықтарды қалыптастыруға көмектеседі.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға сұрақтар қойыңыз: «Күн қайда орналасады?», «Түн қайда болады?», «Жер қалай қозғалады?». Әр баланың ойын тыңдап, олардың түсінігін нақтылаңыз.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері 

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам: Көк, сары, қара түсті қағаздарға диаметрі 4 см болатын шеңберлер сызыңыз. Сары шеңберді айналдыра күн сәулелерін салыңыз. Күн мен айдың көзі мен аузын салыңыз. 

2-қадам: Жасыл түсті қағазға жерді салыңыз және қиып алыңыз.

3-қадам: Күнді, айды және көк шеңберді қиып алыңыз. 

4-қадам: Көк шеңберге жерді желімдеңіз. Екеуі жер шары құрайды. Айды балмұздақ таяқшасына желімдеңіз.

5-қадам: Пластик тарелканы ортасынан жарты ай тәрізді етіп кеңселік пышақпен қиыңыз.

6-қадам: Жерді тарелканың төменгі бөлігіне, Күнді жоғарғы бөлігінің бір жақ шетіне желімдеңіз. Айдың таяқшасын ойыққа кіргізіңіз. 

7-қадам: Айдың таяқшасын оңға-солға жылжыту арқылы күн мен түнді көрсете аласыз.   

Қорытынды

Бұл жоба балаларға күн мен түннің ауысуы туралы қарапайым және түсінікті білім береді. Сонымен қатар, шығармашылық және моторикалық дағдыларын дамытады. Балалар табиғат құбылыстары туралы қызықты ақпарат алып, өздері жасаған макет арқылы бұл үдерісті тереңірек түсінеді.